Әлеумет

«Ақылды үй» энергияны тиімді етеді

Энергия ресурстарын үнемдеп, ұтымды пайдалану күнделікті тұрмыста қолға алынса, жеке отбасылық бюджетті үнемдеу арқылы тұтас елдің әлеуетін жақсартуға болады. Әрі экологияға да ешқандай зияндылық келтірмей, ауаның ластануының алдын алуға мүмкіндік береді. Сондықтан қазіргі уақытта энергия тиімділігі саясаты жиі қозғалып жүр. Осы бағытта зерттеушілер «Ақылды үй» жобасын әзірлеп, қолдануға ұсынуда.

Қауіпсіздікті, үнемшілдікті, тазалықты көздеген «Ақылды үй» жобасын жақында Жамбыл ауданындағы Айшабибі орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Салтанат Теміржанова ұсынды. Ұстаздың ұсынған жобасы жасанды интеллектінің көмегімен жұмыс істейді.

Ақылды үйдің басты мақсаты – тұрмысты жеңілдету, қауіпсіздікті күшейту, энергия мен уақытты үнемдеу, смарт-технологияларды тұрмысқа енгізу. Ақылды үй мен жасанды интеллект – болашақтың емес, бүгінгі күннің шындығы. Олар өмірді жайлы, қауіпсіз және тиімді етеді.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Жамбыл ауданы