Әйел – өмір тірегі
Елімізде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы жарияланған болатын.
Осыған орай облыстық «Анаға тағзым» отбасылық даму әлеуметтік орталығының мәжіліс залында «Сен жалғыз емессің!» атты мейірімділік жолы акциясы аясында «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ісқимыл тетіктері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамдағы құқықтық және психологиялық сауаттылықты арттыру, мамандар арасында тәжірибе алмасу, қолдау көрсету тетіктерін талқылау және отбасындағы қауіпсіз ортаны нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясы аналар кеңесінің мүшелері, ардагерлер, аналар алқасының өкілдері, психологтар мен педагогтер, зиялы қауым, құзырлы органдардың басшылары, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді аталған әлеуметтік орталықтың директоры, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырза-Ғали жүргізді.
Айта кету керек дөңгелек үстелде түрлі салада еңбек етіп, отбасылық-тұрмыстық зорлықзомбылықтың алдын алу бағытында маңызды жұмыс атқарып жүрген мамандар қатысып, сөз сөйлеп, баяндамаларын ұсынды. Әуелі сөз алған облыс әкімінің кеңесшісі, ақын Хамит Есаман отбасы институтын қолдаудың өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев қоғамдағы зорлықзомбылықтың алдын алу тетіктері жайлы баяндама жасады.
Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов «Әлеуметтік саладағы отбасылықтұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша баяндады. Сонымен бірге ол тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік салдарына, оның отбасы тұрақтылығына тигізетін әсеріне және қазіргі уақытта өңірде жүзеге асырылып жатқан алдын алу
іс-шараларының тиімділігі туралы ақпаратымен бөлісті. Сондай-ақ жиын барысында облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы отбасылық-тұрмыстық зорлықзомбылыққа қарсы күрес бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Күләнда Садырова «Отбасылық-тұрмыстық зорлықзомбылықтың алдын алу тәсілдері мен практикасы» тақырыбында ой қозғап, ерте профилактика тетіктері, тәуекел топтарымен жұмыс әдістері және тұрмыстық зорлықтың жасырын белгілерін анықтаудың маңызын атап өтті. «Ел ертеңі – жас ұрпақ», «Баланы қорғау – болашақты қорғау», «Ойынқұмарлықсыз дені сау ұлт» әлеуметтік жобаларының авторы, тренер-коуч, отбасылық психолог Ақбаян Жақыпова «Отбасылық-тұрмыстық зорлықзомбылық: жасырын аспектілер және жанама салдар» тақырыбында сөз сөйлеп, зорлықтың қоғамда жиі байқалмайтын, бірақ өте қауіпті психологиялық формаларына кеңінен тоқталды.
№ 2 емхана жаныдағы «нұр» облыстық жастар денсаулығы орталығын ң психологы Гүлзира Қалдыбаева «Отбасы саулығы – шаңырақ байлығы» қағидасы туралы айтып, отбасындағы психологиялық тыныштық пен үйлесімнің қоғам тұрақтылығына тікелей ықпал ететінін атап өтті. Ол отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сыйластығы, ашық қарымқатынасы мен эмоционалдық қолдауы – тұрмыстық зорлықзомбылықтың алдын алудағы ең негізгі факторлардың бірі екенін жеткізді.
Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Шынар Бейсембаева «Тұрмысқ зорлық-зомбылықпен күрес» тақырыбын ашып, тұрмыстық зорлық құрбандарына көрсетілетін әлеуметтік қолдау механизмдері мен практикалық жұмыс бағыттарына кеңінен тоқталып, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресте ең өзекті мәселелердің бірі ретінде құрбандарға дер кезінде қолдау көрсетудің маңызын атап өтті. Одан бөлек ол дағдарыс орталықтарының жұмысы, қауіпсіздік жоспарын құру, әлеуметтік-психологиялық көмек және құқықтық қорғаныс тетіктері туралы мәселелерді көтерді.
Меркі аудандық отбасын қолдау орталығының директоры Қуат Зетқұлов «Отбасындағы зорлық-зомбылық: белгілері және алдын алу жолдары» тақырыбында баяндама жасап, мәселенің ең өзекті тұстарына назар аудартты. Ал Ш.Мұртаза атындағы Тараз инновациялық университетінің жастар ісі жөніндегі комитеө рағасы Ерасыл Берд і «Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы» тақырыбын көтеріп, жас буын арасындағы буллинг пен агрессисияның қоғамға төндіретін қауіптерін атап өтті.
Ол жастар ортасында өзара сыйластық пен қауіпсіз мінез-құлық қалыптастырудың маңызды екенін айтып, білім беру ұйымдары мен жастар бірлестіктерінің осы бағыттағы жұмысты күшейтуі қажеттігін жеткізді. Дөңгелек үстелден кейін қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді.
Мақпал СҮЙІНБАЙ.