Әлеумет

Өндіріс қуаты артуда

Талас ауданында екі-үш жыл бұрын жалпы жобалық құны 5487 миллион теңгені құрайтын 3 жел электр стансасы салынып, пайдалануға берілген болатын.

Талас ауданында өткен жылы үш бірдей жел электр стансасының құрылысы салынды. Олар, атап айтсақ, «Шеңгелді», «Шеңгелді-2» және «Новатэкс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен жүзеге асырылды. Аталған үш жоба да Қызыләуіт ауылдық округінде бұдан бұрын салынған екі жел стансасы қасынан бой көтерген. Таратып айтсақ, «Шеңгелді» ЖШС жалпы қуаты 4,5 мегаватты құрайтын үшінші жел электр стансасының құрылысын 2020 жылы бастаған. Оның жобалық құны 1 миллиард 829,1 миллион теңгені құрайды.

Қазіргі таңда станса толық қуатында жұмыс істеп тұр. Келесі жобаның да қуаты 4,5 мегаватты құрайды. Ол жобаны жүзеге асырушы «Новатэкс» ЖШС болып табылады. Үшінші жел электр стансасының құрылысын «Шеңгелді-2» ЖШС мойнына алған болатын. Оның жобалық құны 1 миллиард 829,1 миллион теңге. Бұл жобалардың құрылтайшы директоры Жолдыбек Тұралиевті сөзге тартқан едік. Оның айтуынша, стансадағы құрал-жабдықтар Даниядан әкелініп орнатылуда екен.

Бұл жобалар ауданның экономикалық және әлеуметтік ақуалын арттырады деп санайды аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Талас ауданы