20 мегаваттық күн электр стансасы салынбақ
«Айша күн шуақ» электр стансасының қасынан 20 мегаваттық күн электр стансасын салу жоспарланған. Айшабибі ауылдық округіне қарасты Қызылтаң ауылының қасында 110 гектарға орналасқан 50 мегаваттық «Айша күн шуақ» электр стансасы бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Станса басшысы Жандос Райбекұлының айтуынша, оның жылдық қуаты сағатына 92 миллион киловатты құрайды
Жобаның инвесторы «Unigreen Energy» ЖШС, ал жоба операторы «АЕС Аsa» ЖШС болып табылады. Жобаның жалпы құны 20,8 миллиард теңгені құрайды.
Құрылыс жұмысы өткен жылы басталып, жақында ғана пайдалануға берілген күн электр стансасының құрылысын украиналық «Родина» ЖШС жүргізген болатын. 110 гектар аумақты алып жатқан стансаға 100 мың күн панелі орналастырылған. Треккерлер жүйесі арқылы панельдер күн шығуына қарай қозғалып отырады. Бұл панельдердің бір артықшылығы екі жағынан да жұмыс істейді. Мәселен, қыс ауасында жерге түскен қардың күнге шағылысқан сәулесі арқылы да панель энергия қабылдауға қауқарлы. Бұл панельдер Ресей мен Қытайда шығарылған. Онда 15 адам еңбек етуде.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Жамбыл ауданы