Заңсыз құмар ойындары мен лудоманияға қарсы күрес тоқтамайды
Заңсыз ойын бизнесі көлеңкелі экономиканың құрамдас бөлігі болып келеді, оған қарсы күрес республиканың барлық мемлекеттік органдары, ұйымдары мен азаматтары үшін басым болып табылады.
Департамент заңсыз ойын бизне сін ұйымдастыру деректерін жыл сайын облыстың барлық аумағында және ғаламтор-ресурстарында анықтап отыр. Мысалы, 2024 жылы Тараз және Шу қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру 4 дерегі анықталды. Осы деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша қылмыстық істер тіркеліп, 4 іс сотқа жолданды. Аталған 4 деректің үшеуі әлеуметтік желілер пайдалануымен жасалған.
Көрсетілген жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп, нәтижесінде ағымдағы жылда облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі анықталды. Одан басқа, ағымдағы жылда заңсыз ойынсауық бизнестен қаражатты заңдастыру дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді. Сот үкімі бойынша заңсыз ойын-сауық бизнесті ұйымдастырушы 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза алды. Сонымен қатар өткен 6 жыл ішінде департамент қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 46 дерегін анықтап, осы фактілер бойынша 44 қылмыстық іс сотқа жолданды.
Департамент лудоманияның алдын алу бойынша жұмыс әрдайым жүргізуде, алайда бір құқық қорғау органының күшімен бұл жағымсыз құбылысты жоюға болмайтыны анық. Лудоманиямен ауыратын адамдар қоғам үшін жат, көбінесе заңсыз әрекеттер жасайды, олардың туыстары мен жақындары зардап шегеді, сонымен қатар мемлекетке де үлкен зиян келеді. Өйткені лудоманияға тәуелді адамдардың көпшілігі жас және еңбекке қабілетті жастағылар.
Дегенмен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеміз. Азаматтарды «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының (12.01.2007 ж. №219) Заңында (Алматы облысында (Қапшағай қаласында) және Ақмола облысының Бурабай қалашығында, заңның 11-бабының 1-тармағы) айқындалған аумақтардан басқа барлық жерлерде ұйымдастырылуы заңсыз болып табылады.
Сондай-ақ заңсыз контенті бар сайттарды бұғаттау және жою мақсатында интернетресурстардың мониторингі бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Мысалы, 2024 жылы департамент заңсыз ойын қызметі мен қаржы пирамидалары белгілері бар 4,3 мыңнан астам сайттарды анықтап, бұғаттады. Ал 2025 жылдың 10 айында 6000-нан астам сілтемелер бұғатталды.
Нұрбол РАХМЕТОВ
облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары.