Жұрттың бәрі жылыжай салуға қызығып жатыр
Ақбастау ауылдық округінде жылыжай өсіруге де ерекше көңіл бөлінген. Қазіргі таңда ауылдың 5 тұрғыны жылыжай өсіруге ниет білдіріп отыр. Оның ішінде Нейля Дагилова 8 миллион 600 мың теңгеге, Ардақ Байгелді 5 миллион 900 мың теңгеге жылыжай кешенін салып жатыр. Бұйырса олар 2026 жылдың көктемінен бастап, жылыжай кешендерін пайдалана бастайды.
Сондай-ақ Гауһар Қошанова 8 миллион 800 теңгеге, Дәмір Әтішбек 6 миллион 600 мың теңгеге, Данияр Әтішбеков 3 миллион 200 мың теңгеге жылыжай кешенінің құрылысын жүргізіп, еңбекке кірісті. Қазіргі таңда осы үш жылыжай кешенінде де қияр өнімі өсіріліп, сатылымға шығып жатыр. Қалай дегенде де ауыл тұрғындары егіншіліктің жаңашыл жағдайына да бейімделіп, істің көзін табуға дағдыланып келеді.
Бұл туралы жылыжай өсірушілер де ойларымен бөлісті.
Жамбыл ауданы
Есет ДОСАЛЫ