Аймақ

Адал азамат – жаңа дәуірдің басты тұлғасы

Елдің ертеңгі тұтқасын ұстар өспірім ұрпақтың бойына ізгі қасиеттерді сіңірудің маңызды бағыттарын талқыға салған облыстық форум «Адал азамат: құндылық, инновация, тәжірибе» тақырыбында өтті. Еліміздің келешегін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған форум қатысушыларға тың идеялар, озық тәжірибелер және жаңа серпін сыйлады.

Іс-шара «Құндылықтар керуені» атты тәжірибелікпрезент ациялық көрмемен ашылды. Онда өңір мектептерінің рухани тәрбие бағытындағы үздік жобалары, ұлттық дәстүрді дәріптеуге бағытталған әдістемелік жұмыстар, инновациялық баст ама лар таныстырылды. Облыстың білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, педагогтер қатысқан форумды облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов жүргізді.

«Инновация мен рухани құндылықтың тоғысы: адал азамат тәрбиелеудегі өңірлік тәжірибе» тақырыбында мазмұнды баяндама жасаған облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубеков өңірдің білім беру саласында тәрбие бағытында атқарып отырған жобаларды атап айтты.

Байзақ ауданы №4 мектеп-лицейінің оқушылары «Менің атым Қожа» хикаяты бойынша мюзикл қойып, көрермендерге әсерлі өнер көрсетті. Тараз қаласындағы №45 классикалық гимназия оқушылары «Ұрпаққа өнеге болған ерлік» атты қойылым арқылы батырлық пен патриотизм тақырыбын сахналады.

Абай атындағы мектеп-гимназия оқушылары «Бала Абайдан дана Абайға барар жол…» қойылымымен көрермендерді терең ойға жетеледі. «Адал азамат: құндылық, инновация, тәжірибе» облыстық форумы өңір педагогтерінің тәжірибе алмасу алаңына, рухани құндылықтар мен заманауи білім беру үрдістерінің тоғысына айналды. Форум жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, білім беру жүйесін жаңғырту және педагог мәртебесін күшейту бағытындағы маңызды бастамалардың жалғасы болмақ.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА