Құқық

Мақсат – ішкі бақылау жүйесін күшейту

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бақылаутексеру комиссиясы қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға білім беру ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бақылаутексеру комиссияларының мүшелері қатысты.

Семинардың ашылу салтанатында жергілікті кәсіподақ төрағасының орынбасары Жанболат Орынбеков іс-шараның мақсатымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Алғашқы болып дәріс өткен жергілікті кәсіподақтың құқықтық қызмет басшысы Әлия Жолшибекова бақылаутексеру комиссиясының мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, оның кәсіподақ құрылымындағы рөлі, атқаратын негізгі функциялары мен жұмыс принциптері туралы жанжақты түсіндірді. Келесі кезекте Жанболат Орынбеков «Бақылау-тексеру комиссиясы мүшелерінің кепілдіктері» тақырыбында баяндама жасап, комиссия мүшелерінің еңбек құқықтарын, қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі заңмен бекітілген кепілдіктерін түсіндірді. Сонымен бірге комиссия жұмысының ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Ал семинардың екінші бөлімінде кәсіподақтың біріккен комитеті филиалының есепші-маманы Ақжүніс Құрмашева «Бақылау-тексеру комиссиясының құжаттарын рәсімдеу мен жүргізу тәжірибесі» атты дәріс өткізді.

Бұл сессияда қатысушылар нақты құжат үлгілерін талдап, есептілікті жүргізудің жүйелі тәсілдерімен танысты. Тәжірибелік мысалдар арқылы тексеру актілері мен есеп құжаттарын толтырудың тәртібін үйренді. Семинар соңында еңбек және салалық заңнаманы қолдану сұрақтарына арналған сұрақ-жауап сағаты өтіп, жиі кездесетін құқықтық сұрақтарға жауап берілді. Тыңдаушылар өз кезегінде семинардың мазмұны мен ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, мұндай ісшаралардың тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

 

Диас МАРАТҰЛЫ

журналист.