Әлеумет

Курс бітіргендердің барлығы жұмыспен қамтылды

Жұмыссыздықпен күрес – елдің экономикасын көтеріп, халықтың әлеуетін арттыратын негізгі бағыт. Сондықтан еліміздің әр аймағында тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында қызмет ететін орталықтар бар. Облыс орталығынан шалғай жатқан Мойынқұм ауданындағы Мансап орталығы мемлекеттік бағдарламаларды тұрғындарға түсіндіре жеткізіп, оның әрбір шарасына жұмыссыздарды қатыстыруда белсенді іс атқарып отыр.

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021- 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба бағдарламасының биылғы 10 айда орындалуы жөнінде Мансап орталығының кәсіптік оқыту секторының менгерушісі Жайдар Сқақов мәлім етті.

Мансап орталығындағы бағдарламаларды тұрғындарға жеткізу мақсатында «Мойынқұм таңы» аудандық газетіне 5 мақала жарияланып, түсініктеме беріліпті. Ақпарат көздерінен Instagram парақшаларына 92 пост салынған. Сонымен қатар 4 дөңгелек стол өткізіліп, 62 мекемемен меморандумға қол қойылған. 72 мекемемен келісімшарттар жасалып, 9 жәрмеңке ұйымдастырылып, 4 ашық есік күні өткізіліпті.

Ұлттық жоба шеңберінде биылғы жылы ауданда 6 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 253 жұмыс орнын ашу белгіленген. Мамыр айында Қарабөгет ауылының кіреберіс көпірінің құрылыс жұмысы басталып, 2 жұмыссыз азамат жолданған. Маусым айында «Қашқантеңіз ауылында су құбыры желісінің құрылысы» басталып, 3 азамат уақытша жұмыспен қамтылыпты.

Тамыз айында Биназар ауылы көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 1 жұмыссыз азамат жолданып, уақытша жұмыс орнымен қамтылған. Ақсүйек ауылындағы клубтың күрделі жөндеуіне 2 азамат уақытша жұмысқа жіберілген. Тағы 4 жоба жұмыстарын бастап, 8 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. Енді бір жоба ашылады деп күтілуде. Айдарлы ауылындағы спорт кешеніне 6 азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақшы.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Мойынқұм ауданы