Жаңалықтар

Қазақстан мен Эстония: Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы деңгейде

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Эстония Президенті Алар Кариске ілтипат білдірді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер Ақордада салтанатты қарсы алу рәсімінен басталды.

Тараптар бірбіріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Бұдан кейін екі елдің әнұрандары шырқалды.

Тарапт ар бір-біріне ре сми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Бұдан кейін екі елдің әнұрандары шырқалды. Алар Карис Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақ жерінде көрсеткен ықыласы үшін алғыс айтты.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары экономикалық ықпалдастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, тараптар сауда-инвестиция, цифрландыру, жасанды интеллект, көліклогистика, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, аса маңызды минералдар және білім-ғылым салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Эстония Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді серіктесі екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы екіжақты ықпалдастықтың оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталып, Қазақстан мен Эстония барлық бағыт бойынша жан-жақты байланыс орнатқанын жеткізді. Екі ел арасындағы саяси диалог ашық әрі сындарлы сипатта өрбіп, өзара түсіністікті нығайтуда парламентаралық ынтымақтастық маңызды рөл атқарып отыр. Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Эстония халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты жолға қойған. Негізгі өңірлік және жаһандық мәселелерде, соның ішінде бейбітшілікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етуде ұстанымдары ұқсас.

Кездесуде өзара қарымқатынастың маңызды бағыттарының бірі саналатын экономикалық ынтымақтастыққа баса мән берілді. Президент Эстонияның 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына құйған тікелей инвестициясы 128 миллион доллардан асқанын атап өтті. Қазір елімізде 80-нен астам эстониялық компания логистика (CF&S Kazakhstan LLP), пошта қызметтері (Omniva) және цифрлық сервис (Bolt) салаларында табысты жұмыс істеп жатыр.

Мемлекет басшысының пікірінше, Эстониядан үлкен бизнесделегацияның келуі Таллиннің серіктестік аясын одан әрі кеңейту ниетін т аныт ады. Қазақст ан эстониялық компанияларға жанжақты қолдау көрсетуге дайын. Қасым-Жомарт Тоқаев мәденигуманитарлық байланысты тереңдету Қазақстан мен Эстония арасындағы достықты нығайтуға тың серпін береді деп санайды. Президент ғылым-білім саласы екіжақты ынтымақтастықтың ең перспективті бағыты болып қала беретінін айтты.

Алар Карис Қазақстанды Эстонияның Орталық Азиядағы ең маңызды экономикалық серіктесі деп атады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге сапармен келгені үшін Алар Кариске ризашылығын білдіріп, бүгінгі кездесуді шынайы достықтың нышаны әрі өзара ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндігі ретінде қарастыратынын мәлімдеді. Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан мен Эстония Президенттері Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис Қазақстан-Эстония бизнес форумында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Эстонияның іскерлік топ өкілдері қатысып жатқан бизнес-форум сауда және инвестиция саласындағы екі жақты ықпалдастықты жандандыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев көліклогистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің перспективті бағыттарына тоқталды. Сондайақ елімізде эстониялық бизнестің кеңеюіне жан-жақты қолдау білдіруге дайын екенін растады. Жиында Эстония Президенті Алар Карис те сөз сөйледі. Бизнес-форум аясында екі ел компаниялары жалпы құны 517 миллион доллардан асатын 11 коммерциялық құжатқа қол қойды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге сапармен келгені үшін Алар Кариске ризашылығын білдіріп, бүгінгі кездесуді шынайы достықтың нышаны әрі өзара ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндігі ретінде қарастыратынын мәлімдеді. Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан мен Эстония Президенттері Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

 

Дайындаған Фариза ӘБДІКЕРІМОВА