Никол Пашинян: «Қазақстан – біз үшін өте маңызды ел»
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Президент Арменияны еліміздің маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде атады. Екіжақты қарым-қатынас берік достыққа және өзара құрметке негізделген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның Қазақстан мен Армения қарым-қатынасын нығайтуға өлшеусіз үлес қосқанын атап өтіп, оның халықаралық қауымдастыққа күшті басшы, көреген саясаткер, көрнекті мемлекет қайраткері ретінде кеңінен танылғанына тоқталды. Осы орайда Армения Премьер-министрінің айрықша еңбегін ескере отырып, Қазақстанның ең жоғары наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттағанын жеткізді.
Келіссөзде елдеріміз өнеркәсіп, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, құрылыс және басқа да салалардағы серіктестікті дамыта алатынына назар аударылып, соның ішінде көлік-транзит бағытының әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән берілген.

Президент цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ықпалдастықтың әлеуеті зор екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық байланыстар туралы да айтты.
Никол Пашинян армян тарапы ынтымақтастықтың барлық бағытын кеңейтуге дайын екенін растады.