Құқық

Отан – елдің анасы

Отан – елдің анасы

Қорғаныс қабілетіміз нығаюда

Ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыздың жеткеніне 23 жыл толды. Тәуелсіздік күні – ұрпақтарымыз ұлы елдің ұланы, азат елдің халқы атануына жол бастаған қастерлі күн. Тәуелсіздік – ұлттың бағы, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек. Қоғамдағы өзгерістер, еліміздің алға дамуы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерімен де тығыз байланысты. Мемлекетіміз болашаққа батыл бет түзеп, өркендеп келеді. Ал Елбасы еліміздің жақын келешектегі даму бағытын жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауымен айқындап беруде.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған өткен жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы Қазақстан халқының ахуалын арттыруға арналған маңызды құжат. Еліміз бағыт ұстап отырған «Мәңгілік Ел» болудың нұрлы жолында барша қазақстандықтар жұмылған жұдырықтай қимылдап, ортақ Отанымыздың гүлденуіне үлес қосуы керек деуі өте орынды. Болашақ – жастардың қолында екені де шындық. Жолдауда айтылғандай, аға-ұрпақтың қолымен жасалған құндылықтарды көздің қарашығындай сақтау қажет. Алда атап өтілетін Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан мемлекеттілігінің түпқазығы – Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты мерекелерді қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытында ұйымдастыру туралы ойлары да ұтымды. «Нұрлы жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында олардың үлесі зор екендігін баса айтты. Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болып, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ. Бұл – ауқымды Жолдау, өйткені, онда өте үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ. Сондай-ақ, жолдың барлық түрлеріне назар аударылып және аса маңызды жаңа жолдар салу туралы тапсырмалар берілді. «Жол» дегеніміздің өзі – экономикалық дамудың қайнар көзі әрі жаңа жұмыс орындары. Жастарымыз Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында Тәуелсіздік туын көтерген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін Отан қорғау міндетін абыроймен атқарып келеді. Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет атқару еліміздің әрбір азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету – Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышты өтеу деген сөз. Отанды қорғау – біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жаулармен қарулы күрес деп қана түсінбеу керек. Біз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға атсалысамыз. Азаматтарымызға Отан алдындағы борышын өтеу – жергілікті әскери басқару органдары табалдырығынан басталады. Атап айтқанда, әскерге шақырылушылар мен әскер жасына дейінгі жастардың есебін алу, әскери қызметке дайындығын қадағалау; азаматтарды шақыру учаскілеріне тіркеу, келісім-шарт бойынша және мерзімді әскери қызметке шақыру, әскери оқу орындарына іріктеу және құжаттарын рәсімдеу, сондай-ақ, жұмылдыру жұмыстарын орындау, ұйымдастыру, адам, көлік және материалдық қорын есепке алу, басқа да шараларды жүргізеді. Биыл облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаменті айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Қаңтар - наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскілеріне облыс бойынша 1997 жылы туылған 7091 бозбала тіркеуге алынды. Қазақстан Қарулы Күштері және шетел Жоғары әскери оқу орындарына 75 бала қабылданды. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас Штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының жетекшілігімен наурыз айында республикамыз бойынша жергілікті әскери басқару органдарының нұсқаулық-әдістемелік жиыны өтті. Бұл жиында біздің қорғаныс істері жөніндегі департаментіміз оқу-материалдық базасы жағынан «Ең озық департамент» деген атаққа ие болды. Сәуір айында Қорғаныс министрі жұмыстарымызбен танысып, «Департаменттердің барлық облыстық жинақ пункттері осындай болуы қажет!», – деп оң бағасын берді. 24-28 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Жергілікті әскери басқару органдары басшыларының Қарағанды облысы Спасск қаласында өткен нұсқаулық-әдістемелік жиында Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жалпы қызметтік іс-әрекетінің қорытындысы бойынша «Үздік» атанды. Азаматтарды көктемгі әскерге шақыру науқаны қорытындысы бойынша басшылық белгілеген жасақты тағы да жүз пайызға орындап, қыркүйек айында Алматы қаласында өткен нұсқаулық-әдістемелік жиында «ҚР ең үздік қорғаныс істері жөніндегі департаменті», «ҚР Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ең үздік басшысы» номинациясына ие болдық. Алғашқы «Лейтенант» офицерлік атағын 4 келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріміз иеленді. Кезекті әскери атақты 10 әскери қызметші алды (5-еуі аға лейтенант, 3-еуі капитан, майор, подполковник, полковник ). Талай әскери қызметшілер жоғары лауазымдарға тағайындалды. Бұл біздің жеткен жетістіктеріміз. Бұл жетістіктермен тоқтамай, тәуелсіз еліміз үшін алда да бар күш-жігерімізді жұмсап, аянбай еңбек ететін боламыз.

Бақыт Әбдібаев, облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы, полковник.

Тараз.