Аймақ

Шетелдіктердің күшімен табиғат байлығы игерілуде

Бүгінгі таңда Әулиеата өңіріндегі энергия өндіру саласында соны серпін байқалуда. Атап айтсақ, Жуалы ауданындағы сағатына 100 мегаватт қуат өндіретін «Burnoe Solar-1» және «Burnoe Solar-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі күн электр стансасының өзі өңірдің энергия өндірісіндегі қауқарына көптің көзін жеткізіп отыр. Енді, міне, дәл осындай күн электр стансасы Шу ауданында да бар. Қазір «ШУ-100 мегаватт» күн электр стансасы жұмыс істеуде. Оны француздық «Total Eren» мұнай-газ компаниясы жүзеге асыруда. Компанияның еліміздегі өкілі және «M-Kat Green» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Илья Чернодаровтың айтуынша, мұнда орнатылған панельдер 25 жылға дейін тоқтаусыз жұмыс істейді екен.