Әлеумет

Ет асы ма, бешбармақ па?!

2015 жылдан бері тараздық белгілі кәсіпкер Болат Жетпісбаев «Бесбармақ» деп аталып жүрген ұлттық тағамымыздың ресми атауын «Ет асы» деп өзгертейік деп шырылдап келеді.Бірақ бұл ұсынысқа құлақ асқан ешкім болмапты. Жақында макарон өнімдерін шығарумен айналысатын тараздық «Asatu», «Бір асым етке» бренд жаймаларымен танымал болған кәсіпкер өз ойын бізге жеткізді. Бұл кәсіпорын бүгінгі таңда жайманың төрт түрін шығарады. Жылына 500 тонна жайма өндіреді. Жайма шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысып, жұмысшылармен сөйлестік. Елімізде ет пен наннан жасалатын басты ұлттық тағамымызды қалай атаймыз деген сұрақ бірнеше жыл бойы талқыланып келеді. Көпшілікке мәлім «бесбармақ» атауымен қатар, бұл ас «қазақша ет» және «ет» деп те аталып жүр. Болат Жетпісбаев 1967 жылы Меркі ауданы, Ақермен ауылында дүниеге келген. Жұбайы Жанар екеуі 4 қыз тәрбиелеп өсірген бақытты жанұя. Кәсіпке 2012 жылы бет бұрған. Бастапқыдан-ақ осы кәсіпті үшеу болып бастаған. Олег Панкеев пен Александр Гереев үшеуі бастаған. Асату деп ойлап тапқан да, ұсыныс жасаған да Олег Панкеев екен.