Өз ісіңнің шебері бол!
Ғалым ғылымында, кәсіпкер кәсібінде, құрылысшы құрылысында, дәрігер емдеуде, мұғалім сабақ үйретуде, қысқасы, әркім өз саласының «жілігін шағып, майын ішкен» хас шебері болуы тәлім. Осындай өз саласының хас шебері атанған кәсіпкерлер арамызда аз емес. Солардың бірі – ерлі-зайыпты Дидар Кубеев пен Гүлнұр Айтпаева. Олар Оқу орталығын ашпас бұрын осы саланы әбден зерттеп алуды ұйғарыпты. Дидар Кубеев 2016 жылы Ustudy тест орталығында жай кураторлық қызметтен бастап директорлыққа дейін көтерілген екен. 2019-2022 жылға дейін 125ent shool оқу орталығында директор болып, 2022 жылы өздерінің USTADIUBT оқу орталығын ашқан. Онда 250-ге жуық оқушы бар. Мұнда 5-6-сыныптар Дарын, IT лицей, Назарбаев зияткерлік мектептеріне дайындалады. Ал 10-11-сыныптар Ұлттық бірыңғай тестке дайындық жасайды. Отбасында үш қыз тәрбиелеп отырған жұп кәсібінің нәсібін көріп, үздік нәтиже шығарып отыр. Дайындаған шәкірттері дарынды балаларға арналған мектептерге, әйгілі жоғары оқу орындарына түсіп қуантуда.