Жаңадан құрылған ауданның жағдайы қалай?
Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты. Егер барлық салаларда ілгерілеу болса – экономикамыз өркендеп, әлеуметтік жағдайымыз жақсарады. Дұрыс жүргізілген саясаттың нәтижесінде Қазақстанның аймақтары әлеуметтік-экономикалық дамуда ілгерілей бастады.
Әрине, әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру – аймақтардың әлеуметтікэкономикалық дамуын жақсартады, ал бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру деңгейін көтереді.
Тараз қаласына қосылған Жалпақтөбе, Сұлутөр, Кемел, Түрксіб, Ақбұлым, Талас, Талас стансасы елді мекендері есебінен «Жібек жолы» ауданына 29615 тұрғын қосылып, жалпы ауданның халық саны – 243487 адамды, ал аумағы – 17157,7388 гектарды құрады. Ауданда 18 шағынаудан, 201 көпқабатты үй, 28 саяжай алқабы, 9 тұрғын алқабы, 36975 жеке үй және 530 көше, 267 бұрылыс, 251 аялдама бар.
Биыл «Жібек жолы» ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар іске асырылды. Бұл бағыт жол жөндеу, жарықтандыру, қоғамдық көлік, инженерліккоммуникациялық желілер сияқты негізгі инфрақұрылымды жақсарту жұмыстарын қамтиды. «Жібек жолы» ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекованың айтуынша, жол инфрақұрылымын дамыту аясында жалпы ұзындығы 40,1 шақырымды құрайтын 62 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ұзындығы 33,1 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстардың жалпы құны 3 миллиард теңгені құрады.
Қазіргі таңда жобалық жұмыстар шеңберінде «Барысхан», «Жалпақтөбе», «Қызыл Абад», «Қант зауыты», «Тектұрмас» а лқапт арының ішкі көшелеріне және Лермонтов, 5-бұрылыс Ташкент, Комратов, Майлықожа, Братский, Смоленский, Қамбаров, Дулати көшелеріне орта жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 2025 жылы қала көшелері мен көпқабатты тұрғын үйлердің аула аралық жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 367 миллион теңге бөлініп, «Шалғай қарасу» алабы, Ақылбеков, Арыстанбаб, А.Байтұрсынов, Целиноград, Ақтөбе, Қостанай, Аппаев, Пірманов, Анарбаев көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 46 көше мен 102 аулада жарық шамдары ауыстырылып, орнатылды.
Тараз қаласы аумағына жаңа қосылған жаңа алаптарды 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілген. Зерделеу нәтижесінде жоба құны – 350 522,4 мың теңгені құрайтын «Қызыл-Абад» және «Көлтоған», «Шаңырақ» алаптарының ауыз су жүйесін қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарының жобасы әзірленді. Қазіргі таңда жоғарыда аталған алаптарда «Жамбыл су» коммуналдық кәсіпорнының күшімен ауыз су құбырлары жүргізіліп, ақау анықталған учаскелерде жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.
«Тараз қаласы бірыңғай сәулеттік келбет беруге» бағытталған бағдарламасы бойынша 2025 жылы «Бәйтерек» шағынауданының №21, 27, 30, 32 үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта аудан аумағында жалпы 251 аялдама бар. 2025 жылы аудан көлемінде қосымша жаңа 37 аялдама орнатылса, 73 аялдамаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді және 406 қоқыс жәшігі орнатылды.
Ағымдағы жылы қоғамдық көлік саласын жаңғырту мақсатында, тасымалдаушылардың өз қаражаты есебінен 81 жаңа автобус сатып алынды. Қосымша 4 жаңа маршрут ашылды, оның үшеуі біздің ауданға қарасты. Бүгінгі таңда тағы 42 маршрутқа «Ақбұлым» алабына кіретін екі кесте қосылды, қосымша «Кірпіш зауыты», «Ақбұлым» алаптарына қатынайтын тағы бір маршрут қолданысқа беру жоспарлануда. Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданы екінші округ тұрғын алаптары үшін жоғары вольтты желілер мен қосалқы стансалар салу құрылысын жүргізуге 8,179 миллиард теңге қарастырылған. «Көлтоған», «Шөлдала», «Айша бибі», «Құмшағал» қосалқы станцияларының құрылыс монтаждау жұмыстары 2024 жылғы 24 маусымында басталып, бүгінгі таңда аяқталып, сынақ жұмыстары жүргізілуде.
Оқу жоспарына кедергі келтірмеу мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары 2025 жылғы 19 маусымда басталып, аяқталуы 2026 жылғы қараша айына жоспарлануда. Бүгінгі таңда, құрылысмонтаждау жұмыстары – 18 пайыз орындалды. Қазіргі таңда 1 қабат кірпіші қаланып, көтеріліп бітті.
«Шөлдала» алабында орналасқан құрылыс жұмыстарының құны – 4 миллиард 256 миллион теңге болатын 600 орындық №70 «Келешек мектеп» құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қолданысқа берілуде. Аталған мектепті пайдалануға беру арқылы 790-ға жуық оқушыны ауыстырып, №55 орта мектептегі орын тапшылығын жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір айтары, биыл «Құмшағал» тұрғын алабында мәдениет үйінің құрылысы» нысаны бойынша құрылысмонтаждау жұмыстары 2024 жылдың 12 қарашасында басталды.
Келісімшарт құны – 363 026,4 мың теңге. Нысан 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді. Спорт инфрақұрылымы да даму үстінде. Қазіргі таңда «Жібек жолы» ауданында жалпы 148 спорт нысаны, ойын алаңдары мен алаңшалары бар. 2025 жылы аудан аумағында 6 жаңа кіші футбол алаңшасы және 3 балалар ойын алаңдары салынып қолданысқа берілді. Халықтың аз қамтылған бөлігінің материалдық жағдайын анықтауды жүзеге асыру мақсатында арнайы комиссия аудан деңгейінде өз жұмысын тұрақты түрде атқаруда.
Ауданда атаулы әлеуметтік көмек алу бойынша 1298 отбасы өтініш тапсырған, жыл басынан бері 933 отбасыға 483,2 миллион теңге төленген. Тұрғын үйдің коммуналдық төлемдеріне көмек көрсету бойынша мемлекеттік бюджеттен 812 отбасыға 25,1 миллион теңге аударылған. Жалпы аудан бойынша «Д», «Е» санатындағы азаматтардың санын азайту бағытында арнайы құрылған топ «Д» санатында – 11191, «Е» санатында – 2835 азаматқа адрестік жұмыстар жүргізіп, мансап орталығының белсенді шараларына тарту яғни, жұмыссыз ретінде тіркеу, жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту және медициналық сақтандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ демеушілер тарапынан 452 отбасыға 7150 миллион теңге көлемінде азық-түлік себеттері және қаржылай қайырымдылық жасалды.
«Мектепке жол» акциясы аясында жалпы сомасы 3988 миллион теңгеге 144 оқушыға мектеп формасы және қажетті құралжабдықтармен көмек көрсетілді. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларына ауданнан 103 көпбалалы ана ұсынылды. Тұрғындарға цифрлық мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін кеңейту мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды. Мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу бойынша 241 азаматқа әртүрлі кеңес берілді. Пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 39 азамат тартылды. Оның ішінде, қоғамдық жұмысқа орналасқандар – 9, квотамен тұрақты жұмысқа орналасқандар – 11, «Күміс жас» жобасымен жұмысқа орналасқандар – 1, кәсіптік оқуға жолданғандар – 10, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жолданғандар –2, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғандар – 6.
Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту бойынша бүгінгі күнге дейін 6 азамат квота шеңберінде тұрақты жұмысқа орналастырылды. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында республикалық «Үздік еңбеккер – 2025» байқауында ауданымыздан «Азимов» шаруа қожалығы жеңімпаз атанды. Сондай-ақ 8 ардагер облыс және қала деңгейінде «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталды. Ауданда орна ласқан мәдениет ошақтарында «Ақ әжелер» әуесқой клубы, «Балдәурен», «Қызғалдақ» би үйірмелері, «Шырқа даусым» ән үйірмесі, «Көркемсөз» үйірмесі жұмыс істейді. «Тараз қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» облыс әкімдігінің №154 қаулысы мен облыстық мәслихаттың №24-3 шешіміне сәйкес Байзақ және Жамбыл аудандарынан қосылған 200 көшенің 94 көшесіне (қайталанған көше атаулары) жаңа атау берілді.
Қазіргі уақытта аншлагтарды ілу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ ауданда орналасқан сыртқы көрнекі ақпарат құралдарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 12 кәсіпкерлік нысан иелері мен әкімшілік басқарушыларына ескерту хабарламалары берілді. Қала әкімдігінің білім бөлімімен бірлесіп мектептерде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылардан 2 рет сауалнама алынды. Девианттық мінездері бар және одан бөлек тәртіп бұзушылыққа бейім оқушыларға тергеу изоляторы мен мерзімін өтеу орындарына, түзету колониясы секілді жабық мекемелерге экскурсия жасалды. Мектептерде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу аясында кездесулер өтті.
Кездесуге 4 931 жоғары сынып оқушылары және 195 педагог қатысты. Cондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта ойынсауық орындарында жүруінің алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамда тыйым салынған заттарды тұтыну жағдайларын болдырмау үшін түнгі рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгінде аудан аумағында 774 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Олардың ішінде өнеркәсіп нысандары, азық-түлік дүкендері, сауда желілері және тағы басқа субъектілер қызмет көрсетуде. Жыл басынан бері кәсіпкерлермен 5 кездесу өткізіліп, субсидия, мемлекеттік қолдау бағдарламалары, абаттандыру, автотұрақтар мен жарықт андыру мәселелері талқыланды. Сауда саласында әлеуметтік жәрмеңкелер әр сенбі сайын өткізіліп, 11 шаруа қожалығы ет, көкөніс және жеміс-жидек өнімдерін төмендетілген бағамен сатады. Абаттандыру бағытында заңсыз сауданы тоқтату жұмыстары жүргізілді.
Мамыр мен қыркүйек айлары аралығында қауын-қарбызды бейберекет сату бойынша 21 ескерту беріліп, анықталған 9 заңсыз дүңгіршек толық жойылды. Бұл жұмыстар қалалық сәулет және жер қатынастары бөлімдері, сондай-ақ учаскелік полициямен бірлесіп атқарылды. «Жібек жолы» ауданының ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жер көлемі – 4 426,6 гектар. Қазіргі таңда 494 шаруа қожалығы белсенді жұмыс атқаруда. Биылғы өнім көлемі 72,73 мың тонна жиналды. Егіс жұмыстарына 69 трактор және 87 техника тартылды. Ауданның көкөніс сақтау қоймаларында пияздың көлемі 45 мың тоннадан асады. Мемлекеттік қолдау бағдарламалары («Даму» қоры) аясында «Тоқтасын Агро» жеңілдетілген несие алды. Бір алқапта тамшылатып суару жүйесі енгізілді. «ҚазАгроФинанс» арқылы 1 шаруашылық техникамен қамтылды. Сондай-ақ «Агро несиелік корпорациясы» арқылы 11 шаруа және 1 жеке кәсіпкер 572,4 миллион теңгеге қаржыландырылды. Қала өнеркәсібіне жеке инвестиция тарту ісі белсенді жүргізілуде. Қазіргі таңда жалпы құны 3,5 миллиард теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Абаттандыру қағидаларына сәйкес аудан аумағындағы көшелер мен жолдарды, аула аумақтарына кірме жолдарды, тротуарларды, аялдамаларды тұрақты түрде тазалау, күтіп ұстау жөніндегі іс-шаралар жүргізілуде.
Ақпан айының басынан бері жалпы көлемі 12000 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 2025 жылғы 19 қыркүйекте «Жібек жолы» ауданы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі күзгі екі айлық өткізу туралы өкімі бекітілді. Санитарлық тазалық жөніндегі 2 айлық сенбілік аясында (қыркүйектен бастап) 8 ауқымды көлемде сенбілік өткізілді. Әкімдік тарапынан ұйымдастырылған сенбіліктерге 7 мыңнан астам адам қатысып, 150 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Аудан аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу жұмыстары да қарқынды түрде жүргізілді.
– Келесі бастама «Барысхан» алабында жалғасын тауып, ауданның басқа да аумақтарында барлығы 6 мыңға жуық тал отырғызылды. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тал отырғызуға ауданымызда белсенді түрде ат салысқан «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» облыстық филиалы, Жамбыл магистралдық желілер бөлімшесі филиалына қарасты вагон жөндеу, локомотив депосының, ТЧ, ШЧ, ПЧ аумақтарын көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек орман шаруашылығы, Берсанукаев ЖК, әскери күзет, «Baytaq» жасылдар партиясы тал егуге атсалысты. Аудан аймағында жартыжылдықта тал қырқу бойынша «Жасыл ел – Тараз» мекемесіне берілген өтінім саны – 194, өтінім бойынша барлық аймақтарда қырқылған ағаш саны – 280.
Оралхан ДӘУІТ