Жамбылда жақсы жаңалық көп
Сейсенбі күні республикаға белгілі масс-медиа өкілдері өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын аралады. Бұл күні журналистер қауымы Сарысу ауданында түркиялық ірі инвестор – CoreX Holding компаниясы жүзеге асырып жатқан «Qazaq Soda» жобасының жай-күйін зерделеуге мүмкіндік алды. Жалпы, аталған жоба Жамбыл жерінің әлеуетін арттырып, импортты алмастыруға бағытталған стратегиялық мәнге ие. Мұнда жылына 500 мың тонна кальцийленген сода өндірісін жолға қою көзделіп отырса, 2028 жылға қарай көрсеткіш 1 миллион тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде. Ал жоба толықтай іске қосылған сәтте тұрақты 300 жұмыс орны ашылмақ. Бұдан бөлек зауыт бір мың азаматтың уақытша болса да «екі қолға бір күрек» табуына ықпал етеді деген жоспар бар. «Qazaq Soda» серіктестігінің директоры Юсуф Джейланның айтуынша, бүгінгі таңда зауыт маңынан 100 отбасыға арналған шағын қалашық тұрғызылып жатыр. Қазірдің өзінде мұнда 50 адам қона жатып жұмыс істеуде