Денсаулық

Тұмау өршіп тұр: Мектеп оқушылары онлайн оқи ма?

Тек Таразда ғана емес ел бойынша 2794 мектепте тұмау мен ЖРВИ-дің таралуына тұрақты мониторинг жүргізіп отыр. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Сархат Бейсенова мектептерде тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) таралу деңгейі туралы және қандай жағдайда оқу орындары онлайн форматқа көшірілуі мүмкін екенін айтты.

Сархат Бейсенова Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мектептерде тұмау мен ЖРВИ-дің таралуына тұрақты мониторинг жүргізіп отырғанын атап өтті.

Оның айтуынша, егер қандай да бір сыныпта оқушылардың 30 пайыздан астамы ауырып қалса, онда сабақты онлайн форматқа көшіру туралы шешім қабылданады. Сархат Бейсенова елде жаппай сырқаттанудың салдарынан кейбір сыныптарда небәрі 5-6 оқушы ғана қалғаны туралы ақпаратты теріске шығарды.

Журналистер балаларды мұрын бітеліп, жөтелі болса да (бірақ дене қызуы болмаса) сабаққа кіргізбеу туралы шаралар енгізіле ме деп сұрады.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА