Еңбек еленген жыл
Аудан әкімі Ернар Есіркеповтың айтуынша, атаулы жылды ұйымдастыруға арнайы жоспар құрылған. Жоспар бойынша атқарылатын іс-шаралар бірнеше бағыттарға топтастырылған. Кәсіптік бағдар және оқу орындарының тәжірибелік жұмыстары бағытында аудандағы Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттері Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен еңбек ардагерлерімен кездесіп, өнегелі әңгімелерін тыңдап, пікірлескен. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында аудандағы мектеп оқушыларына арналған «Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнына» экскурсиялар өткізілген.