Жаңалықтар

Республика бойынша көш бастады

Облысымыз өнеркәсіп саласында тарихи көрсеткішке қол жеткізді. 2025 жылдың қаңтарқазан айларында өңірде 1 триллион теңгенің өнімі өндіріліп, республика бойынша көш бастады. Бұл жетістікке 919 кәсіпорында еңбек ететін 41 мың адамның күш-жігерінің арқасында қол жеткізілді.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, өндіріс көлемінің өсуі барлық негізгі салаларда байқалуда.

Өңдеу өнеркәсібі – 675,4 миллиард теңге (20,7 мың адам еңбек етуде),

Тау-кен өндіру – 201,5 миллиард теңге,

Химия өнеркәсібі – 320,3 миллиард теңге,

«Казфосфат» өнімін 54,2 пайызға,

«НДФЗ» сары фосфор өндірісін 8,5 пайызға,

«Talas Investment Company» натрий цианидін 6,5 пайызға арттырды.

Құрылыс индустриясы – 73,3 миллиард теңге, «Жамбылгипс» өнім көлемін 52,6 пайызға өсірді.

Тамақ өнеркәсібі – 103,6 миллиард теңге, 83,8 мың тонна қант, 2872 тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді.

Мұнай өңдеу – 23,4 миллиард теңге Өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 34,6 пайызға артты. Машина жасау – 17,6 миллиард теңге, Шикізаттық емес тауарлар экспорты да едәуір артты – 270,4 миллион АҚШ доллары, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп.

Экспорт өсіміне химия саласы (157 пайыз), тамақ (186,9 пайыз) және құрылыс индустриясы (112,4 пайыз) өнімдерінің артуы әсер етті. Жыл соңына дейін өнеркәсіптегі өсім қарқынын 6,5 пайыз деңгейінде сақтау жоспарланып отыр.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.