Экономика

«Energy Taraz»: Жарық, инновация және «жасыл экономикаға» үлес

Қазіргі заманда табиғи ресурстарды сақтау мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі жыл өткен сайын өзекті бола түсуде. Өнеркәсіптің қарқынды дамуы, урбанизацияның өсуі және халық санының артуы табиғи қорларға түсетін салмақты арттырып отыр. Су, ауа, топырақ сияқты өмір үшін аса маңызды ресурстардың ластануы экологиялық тепе-теңдікті бұзуда. 2013 жылы 30 мамырда елімізде Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді. Оның негізгі стратегиялық бағыттарының бірі – энергия үнемдейтін технологияларға көшу және энергия тұтыну мен парниктік газдардың шығарылуын азайтуға мүмкіндік беретін инновациялық шешімдерді енгізу. Жамбыл өңірінде «жасыл экономиканың» талаптарына сай бірқатар кәсіпорындар жұмыс істейді. Солардың бірі – «Energy Taraz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жарықтандыру, энергетика және құрылыс саласындағы жетекші компаниялардың бірі ретінде өз өнімдерінің «жасыл экономиканың» қағидаттарына сай келетінін мақтан тұтады.

«Energy Taraz» ЖШС – жарықдиодты және электротехникалық жабдықтар өндіретін Қазақстандағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Компанияның өнім желісінде өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсаттағы 150- ден астам LED шам үлгілері бар. Аталмыш кәсіпорын заманауи құралжабдықтармен жабдықталған, толық циклды, өзіндік «ноу-хау» енгізген технологиялық өндіріс болып табылады. Кәсіпорын өз саласындағы орнын іздеген кезеңнен, банкроттыққа әкелуі мүмкін дағдарыс уақытынан өтіп, қазіргі экономикалық өрлеу дәуіріне жетті.

Компания тарихы 2001 жылы Тараз қаласында өткізгіш және кабель өнімдерін шығаратын импортты алмастырушы кәсіпорын ретінде басталды. Бес жылдан кейін мұнда трансформаторлар мен өнеркәсіптік және қалалық инфрақұрылымға арналған басқа электротехникалық жабдықтарды шығару жолға қойылды. Кейін кәсіпорын базасында республикадағы алғашқы люминесценттік шамдарды кәдеге жарату зауыты ашылды. Зауыт үшін бетбұрыс жыл – 2011 жыл болды. Өйткені дәл осы жылы электр энергиясын 70 пайызға дейін үнемдейтін жарықдиодты шамдар шығару жобасы іске қосылған болатын.

Қазақстан экономикасын әртараптандыру және электр энергиясын үнемдеу жөніндегі мемлекеттік міндет аясында кәсіпорында өнеркәсіптік, кеңселік, интерьерлік, көше және саябақтарды жарықтандыруға арналған жарықдиодты шамдар мен жай шамдарды шығару жобасы жүзеге асырылды. «Energy Taraz» маркасымен шығарылатын жарықт андыру құрылғылары техникалық сипаттамаларының арқасында тұтынушылардың жоғары бағасын алып, 2011 жылы компания «Алтын сапа» ұлттық сыйлығының «Халық үшін ең үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Өнеркәсіп шығаратын жарықдиодты шамдарының қызмет ету мерзімі 20 жылға дейін болса, энергия үнемдеуі 30 пайыз, жарық ағынының коэффиценті 95 пайызды құрайды. Жарықдиодты шамдар (LED шамдары) – электр энергиясын үнемдеуге негізделген заманауи жарық көздері. Олар дәстүрлі шамдар мен люминесценттерді шамдарға қарағанда энергияны үнемдеу, ұзақ қызмет ету және экологиялық тазалық сынды қасиеттерімен ерекшеленеді. Мұндай шамдар арқылы тұрғындар электр энергиясына жұмсалатын шығынды азайтып, жарық сапасының жақсаруына және жарықтық пен түс температурасын басқару мүмкіндігіне ие бола алады. Сондықтан аталмыш компания осы талаптарға сай болу үшін жыл сайын энергия тиімділігін арттыруға және жарықтандыру өнімдерінің сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық технологияларды енгізіп келеді.

Қазіргі уақытта өндірістік, көше және кеңсе бағыттары бойынша 40-тан астам жаңа жарықтандыру үлгілері шығарылады. Компанияның т арихы 2001 жылы Тараз қаласында басталған. Алғашында шағын кәсіпорын ретінде құрылған ұйым бүгінде еліміздегі жетекші жарықтандыру өнімдерін өндірушілердің біріне айналды. Негізін қалаушы Құрманәлі Баратов өткізгіш және кабельдік өнімдер шығаратын импорт алмастыру жобасынан бастап, бірнеше негізгі бағыттары бар ірі зауытқа дейін жетеледі. Осылайша «Energy Taraz» ЖШС нарықта зор үміт күттірген компанияға айналады.

Алайда 2015 жылы негізін қалаушы және ұжымның рухани көшбасшысы Құрманәлі Баратовтың өмірден өтуі кәсіпорын үшін ауыр соққы болады. Келесі төрт жыл ішінде компания басшылықтың жиі ауысуы, тиімсіз басқару және қарыздық міндеттемелердің өсуі сынды бірқатар қиындықтарға тап болады. Салдарынан өндіріс тіпті тоқырауға ұшырайды. Компаниядағы қиын кезеңде басшылыққа Нұрсұлтан Темірхан бастаған команданың келуімен жағдай өзгерді. Нұрсұлтан Талғатұлы 2018 жылы көше жарығын жаңғырту жобасында жұмыс істей жүріп, кәсіпорынның жағдайымен т анысқан болатын.

Бұрынғы иесімен келіссөздер нәтижесінде 2020 жылы компанияны басқару және кейіннен сатып алу туралы шешім қабылданады. Жоғары білікті мамандарды сақтау мақсатында жаңа еңбек келісімшарты жасалып, онда қызметкерлерге жалақының көтерілуі, сапалы арнайы киім, зауыт асханасында тегін түскі ас, қызметкерлерге арналған көлік және басқа да әлеуметтік жеңілдіктер сынды қолайлы жағдайлар ұсынылды. Жыл сайын жаңа жұмыс орындарының саны артып келеді және олардың үштен бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. Нәтижесінде өндіріс көлемі өсіп, табыс тұрақтала бастайды. Бұл – дұрыс басқарудың және жаңашыл көзқарастың кез келген дағдарысты еңс еруге мүмкіндік беретінін дәлелдейді. Бүгінде компания өнімдерінің барлығы CT-KZ сертификаттарына ие. Бұл олардың қауіпсіздігі мен сапа стандарттарына сәйкестігін растайды.

2023 жылы компания Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан «Жылдың үздік тауары» марапатын иеленді. «Energy Taraz» ЖШС халықаралық көрмелерге де белсенді қатысып келеді. 2022 және 2023 жылдары компания Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен ИННОПРОМ халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысты. Бұл көрме ТМД елдеріндегі ең ірі өнеркәсіптік форумдардың бірі болып табылады. Компания өз өнімдерін жоғары деңгейде таныстырып, сарапшылар мен келушілердің оң бағасын алды. Сондай-ақ 2022 жылы компания электр энергиясын сату бойынша лицензия алып, өз қызметін жаңа бағытта кеңейтті. 2023 жылдан бастап «Energy Taraz» ЖШС Қазақстан Республикасының барлық аумағында электр энергиясын сату қызметін жүзеге асырып, сенімді және тиімді энергетикалық шешімдер ұсынуда.

Бүгінгі заманда бизнес ашудың басты мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Бір кәсіпорын қаржылық табыс пен пайда табуға бағытталса, екіншісі қоғамға пайда әкелуді, жаңа технология енгізуді немесе адамдардың өмір сапасын жақсартуды мақсат етеді. Осындай идеяға негізделген компаниялар көбінесе инновациялық бағытта дамып, нарықта ерекше орын алады. «Energy Taraz» ЖШС құрылу тарихы дәл осындайлардың бірі. Бұл – Тараздағы шағын цехтан бастап, бүгінде еліміздің түкпір-түкпіріне танылған заманауи кәсіпорынның жиырма жылдан астам уақытқа созылған жолы.

Бүгінде кәсіпорын республикалық деңгейге шығып, филиалдары Алматы, Астана қалалары мен Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жұмыс істейді. Компания «СамұрықҚазына» қорының серіктесі атанып, мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, еліміздің ең ірі нысандарына жабдық жеткізуде. Аумағы 1,2 шаршы метр жерді алып жатқан кәсіпорын өндірістік база, офистер, спорттық алаңшалар, цех құрылысы мен қазандықтар сынды 6 корпустан тұрады. 200 адамды жұмыспен қамтып отырған зауыт соңғы екі жылда кең ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, жаңа өндірістік желілер мен автоматтандырылған сапа бақылау жүйелерін енгізді. Мамандар тобының біліктілігі артып, қызметкерлер жаңа дағдылар меңгеріп, еліміздің түкпіртүкпірінде күрделі жобаларды жүзеге асыру бойынша тәжірибе жинады. Сондай-ақ зауытқа Еуропалық одақ елдерінің жетекші өндірушілері мен Түркия, Оңтүстік Корея елдерінің заманауи жабдықтары орнатылған.

Компания сала аралық және халықаралық көрмелерге белсенді қатысып, Қазақстанды ірі өндірістік форумдарда таныстырып, жарық пен энергетика саласына жаңа идеялар мен технологиялар әкелуде. Сондайақ соңғы жылдары зауыт өндіріс ауқымын кеңейтіп, жарық шамдардан бөлек шағын сәулеттік нысандарды, атап айтқанда шам бағандарын, балалар алаңдарын, орындықтар мен абаттандыру элементтерін шығара бастады. Кәсіпорынның өнімі халықаралық сапа стандарттарына сай. Ал жергілікті үлес деңгейі 80 пайыздан асады.

Бүгінде ірі техникалық және технологиялық әлеуетке ие зауыттың жылдық өндірістік қуаты 100 мыңнан асатын шамдары және 1000-ға дейін электр қосалқы станциясы бар. Технологиялар жаңартылып, заманауи станоктар мен жаңа құрастыру желілерінің енгізілуінің арқасында өндірістің жергіліктендіру деңгейі шамдар бойынша 85 пайызды, ал электр жабдықтары бойынша 52 пайызды құрап отыр. Соның нәтижесінде өнім сапасы артып, шамдардың қызмет ету мерзімі 10 мың сағатқа яғни 25 жылға ұзартылды. Бұл жоғары өнімділік пен үнемділік стандарттарына сай келеді және баға мен сапа арақатынасы жағынан өз саласында үздік көрсеткішке ие.

Пандемиядан кейінгі кезең кәсіпорын ісіне даму серпінін әкелді. Өндіріс номенклатурасы 300-ден астам жаңа өнім түрімен кеңейді. Сонымен қатар ауа тазартуға арналған рециркуляторлар сияқты бейіндік емес тауар түрлері игерілді. Тағы бір болашағы зор бағыт – шағын сәулеттік пішіндер, спорт элементтері және «ақылды» ауа орындықтарын жасау өндіріске енгізілді.

Осылайша, «Energy Taraz» ЖШС еліміздің қалалары мен ауылдарында тек жарық қана емес, сонымен қатар жайлы орта қалыптастыруды мақсат етеді. «Energy Taraz» ЖШС-нің жеткен жетістігі – сенімнің, еңбектің және ел алдындағы жауапкершіліктің нәтижесі. Компанияның табысы – ұжымның тынбай еңбектенуінің, серіктестер мен тұтынушылардың сенім білдіруінің, сондай-ақ қоғам алдындағы адал жауапкершіліктің көрінісі болса керек. Кәсіпорын ұжымы кәсіби біліктілігі мен іскерлігі арқылы өңірдің дамуына өз үлесін қосып келеді. Өйткені жарық – жай ғана электр емес, жарық – бұл өмір, даму мен үміт. Ал дәл осы жарықты «Energy Taraz» компаниясы Қазақстанға сыйлап отыр.

Бүгінгі күні энергияны үнемдеуге деген сұраныстың артуы, экологиялық талаптардың күшеюі мен «Жасыл экономикаға көшу» сынды мемлекеттік қолдау бағдарламалары өндіріс секторын ынталандырып келеді. Бұл факторлар кәсіпорындарды энергия тиімді технологияларды енгізуге, экологиялық таза өнім шығаруға және ре сурст арды үнемдеуге бағыттайды.

Нәтижесінде Қазақстанда жасыл технологиялар мен заманауи энергия үнемдейтін «Energy Taraz» ЖШС сынды өндіріс орындары дамып келеді. Өйткені «жасыл экономикаға» бет бұру – бұл тек қазіргі заманның талабы емес, сонымен қатар болашаққа жасалған жауапты қадам. Сондықтан бұл бағытта жүргізіліп жатқан шаралар тек қазіргі проблемаларды шешуге ғана емес, келешек ұрпақ үшін қоршаған ортаны таза сақтауға мүмкіндік береді.

Энергияны тиімді пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу, экологиялық таза өнім шығару сияқты іс-әрекеттер қоғамның тұрақты дамуына және табиғатқа деген жауапкершіліктің артуына ықпал етеді. Сондықтан «жасыл экономикаға» көшу – бұл стратегиялық маңызды, саналы әрі болашаққа бағдарланған дұрыс қадам.

 

Арна ЖҰМАТАЙ