Қаралма: Дүбірлеп басталып еді, күбірлеп айтатын жағдайға жетті
Жуалы ауданының аумағы негізінен таулы жер. Табиғаты тамаша. Көрікті жерлері көп. Батыс ЕуропаБатыс Қытай автодәлізі ауданның өн бойын қақ жарып өтіп жатыр. Былайша айтқанда, Жуалы шағын бизнес, кәсіпкерлік жасаймын деушілерге өте қолайлы аудан. Бірақ жасыратыны жоқ, туризм мен бизнестің түтіні түзу ұшпай тұр... Негізінен ауыл шаруашылығы саласына маманданған бұл ауданның маңдайына қайбір жылы Қаралмадай шаңғы базасы бұйырып, үлкен бизнестің тұсауы кесілген сияқты еді. Бірақ басшылар оны да ұқсата алмады. Тау баурайындағы шаңғы базасының құрылысы дүбірлеп басталып еді, енді күбірлеп айтатын жағдайға жетті.
Әрине, Бауыржандай хас батырды, Шерхандай Халық жазушысын дүниеге әкелген қасиетті өлкенің жұмысын жамандаудан, қаралаудан аулақпыз. Біздікі жақсылар мен жайсаңдар мекен еткен аймақтың тұрмыстық, әлеуметтік әлеуеті де сондай жақсы деңгейден көрінсе екен деген ақ ниет қана.
Ендеше, Жуалы ауданының жағдайы, бүгінгі ахуалы қандай?
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Жуалы ауданының әлеуметтікэкономикалық даму көрсеткіштері» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза баяндап берді. Аталған ауданның өнеркәсіп көлемі облыс бойынша бекітілген индикаторға сәйкес, 13 миллиард 500 миллион теңгеге артық орындалған. Ал ауыл шаруашылығындағы нақты көлем индексі 102,7 пайызға жетіп, 40374 миллион теңге көлеміне тұрақтаған. Оның ішінде мал шаруашылығының көлем индексі 17907,3 миллион теңгені (101,6 пайыз), өсімдік шаруашылығының көлем индексі 22463 миллион теңгені (103,6 пайыз) құрайды.
Баспасөз мәслихаты барысында әулиеаталық журналистер аудан әкіміне аймақтағы түйткілді мәселелерге қатысты бірнеше сұрақ қойды. Алғашқы сұрақ Б.Момышұлы ауылындағы орталық аудандық базарды қоршап тұрған аумақтың жай-күйіне қатысты болды. Аудан орталығының тұрғындары мұның алдында бірнеше рет облыстық БАҚ-қа осы базардың айналасындағы орындардың «бомбаланған» аумаққа ұқсайтындығы туралы шағымдарын айтып, жүгінген болатын. Бұл жөнінде аудан әкімі төмендегіше мәлімет берді:
Күн тәртібіне шығарылған келесі сауал ағын суға қатысты болды. Осыған байланысты жиында тілшілер аудандық орталық аурухананың жанындағы көшелердің тұрғындарының шағымын жеткізіп, бау-бақшаларын толығымен ауыз су құбыры арқылы суаруға мәжбүр болып отырғандарын айтты. Әкім мырза бұл мәселеге байланысты мынадай жауап қайтарды:
Келесі мәселе ауданның таулы аймағында орналасқан Қошқар ата, Рысбек батыр секілді ауылдардың электр қуатымен қамтылуына қатысты болды. Бұл ауылдардағы электр желілері қатты тозған.
Бұған:
Журналистер тарапынан қойылған сауалдың кезекті бірі «Қаралма» тау-шаңғы кешені туралы болды. Аталған кешен 2022 жылы пайдалануға берілуі тиіс болған болатын. Алайда оған қомақты қаржы құйған кәсіпкерлердің табыс тапсақ деген үміттері ақталмады. Нақты уақытта кешен аймағында салынған туристерге арналған мейрамхана, сервистік орталық, гараж және котедж үйлер пайдаланусыз босқа тұр. Осыған байланысты түсініктеме берген Жалғас Әлижанұлы сөзін былайша сабақтады:
Қысқасы, Қаралма тау шаңғы базасының тағдыры тағы да белгісіз деген сөз. Қалай айтсақ та, Қаралманың қазіргі көрінісі Жуалы ауданы кәсіпкерлігінің бүгінгі жағдайына ұқсап тұрғандай.
Aq jol-Aqparat