БАРЫМТАШЫЛАР ҚОЛҒА ТҮСТІ

65

Облыстық ІІД криминалды полиция басқармасы мен Шу аудандық ІІБ қызметкерлері республикалық аймақаралық «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізіп, өткен жылдың қараша айында болған 50 бас жылқының ұрлану дерегі бойынша Т. Рысқұлов ауданының 26 және 34 жастағы екі азаматын ұстады.
Айғақ ретінде олардан 7 бас жылқы тәркіленіп, күдіктілер уақытша қамақта ұстау изоляторына тоғытылды. Қазіргі таңда ұсталғандардың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар екендіктеріне тексеру жүргізілуде.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support