Құқық

БАРЫМТАШЫЛАР ҚОЛҒА ТҮСТІ

БАРЫМТАШЫЛАР ҚОЛҒА ТҮСТІ

Облыстық ІІД криминалды полиция басқармасы мен Шу аудандық ІІБ қызметкерлері республикалық аймақаралық «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізіп, өткен жылдың қараша айында болған 50 бас жылқының ұрлану дерегі бойынша Т. Рысқұлов ауданының 26 және 34 жастағы екі азаматын ұстады. Айғақ ретінде олардан 7 бас жылқы тәркіленіп, күдіктілер уақытша қамақта ұстау изоляторына тоғытылды. Қазіргі таңда ұсталғандардың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар екендіктеріне тексеру жүргізілуде.

«Ақ жол-Ақпарат».