Тұрғындарды жұмыспен қамтудың барлық шаралары ұйымдастырылуда
Ел экономикасын ілгерілетудің бір тетігі – тұрғындарды жұмыспен қамту. Осы мақсатта бірқатар бағдарламалар ел ішінде жүзеге асырылып отыр. Бос жұмыс орындарына жолдаумен қатар, түрлі кәсіпке үйретіп, тегін оқытатын бағдарламалар да бар. Оған қоса, жеке кәсібін ашуға ниеттілерге қолдау көрсетіліп те келеді. Осындай іс-шаралардың оң ықпалын меркіліктер де көріп отыр.
Бүгінгі күнге Меркі ауданы «Мансап орталығы» филиалына 3475 адам кайырылып, оның 3465-і жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, жо спар 84,6 пайызға орындалған. Бұл бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде «Мансап орталығы» филиалының директоры Ербол Дүйсебаев мәлім етті.
Субсидияланатын жұмыс орындарына тұрғындарды жолдау шараларына тоқтала кетелік. Бұл ауданда әлеуметтік жұмыс орындарына 70 адамды орналастыру жоспарланған. Биылғы қараша айына дейін 24 жеке сектор жұмыс берушімен келісімшарт жасалынып, 70 адам жұмысқа жіберілген. Жұмыссыздықпен күре сте көмек көрсеткен жеке секторларды да атап өткен жөн болар, олар – «Мырзабаев», «Шөңкебай», «Суюмкулов», «МАХІМ», «Усенов», «Кожабекова» жеке кәсіпкерліктері және тағы басқалар.
Еңбек шарттары 100 пайыз жасалынып, оның ішінде өз еркімен жұмыстан 19-ы шығып, 19 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Қалған 51 азамат жұмыстарын жалғастыруда. Жастар тәжірибесіне 200 адам жоспарланып, 54 мекемемен келісімшарт жасалынып, 175 адам жұмысқа жіберілген. Оның ішінде 12-сі жеке сектор. Жастар тәжірибесі бағдарламасымен жұмысқа жіберілгендердің ішінде 69-ы өз еркімен жұмыстан шығып, 33 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Қалған 106 азамат жұмыстарын жалғастырып жүр. Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 657 адам жоспарланып, 167 мекемемен келісімшарт жасалынып, 657 азамат жұмысқа жолданған. Келісім жасалған мекемелердің 139-ы жеке сектор жұмыс беруші. Еңбек шарттары түгел жасалынған. Оның ішінде өз еркімен 135 адам жұмыстан шығып, 90 адам тұрақты жұмысқа жіберілген. Қалған 522 азамат қазіргі уақытта жұмыстарын істеп жүр. Күміс жас жұмыс орнына 97 адам жоспарланып, 65 жеке сектор жұмыс берушімен келісімшарт жасалынған. «Сары» шаруа қожалығы, «Айгерим», «Исмаилова», «Бейсенбетова», «Далибаева» жеке кәсіпкерліктеріне келісіммен 97 азамат жұмысқа жолданған.
Алайда 22 жұмысқа жолданған адам өз еркімен шығып, 19-ы тұрақты жұмысқа жіберіліпті. Қалған 75 азамат жұмыстарын жалғастыруда. Алғашқы жұмыс орнына 48 адам жоспарланып, 53 мекемемен жасалған келісімшарт негізінде 48 азамат жұмысқа жолданған. Бұл мекемелердің ішінде 36 жұмыс беруші – жеке сектор. Олар – «Айтиева», «Байел», «Нур» жеке кәсіпкерліктері, «Ақарал» және «Ш-Нұрлан» шаруа қожалықтары. Бұл бағдарламамен жіберілгендердің ішінде де 24 адам мерзімінен бұрын өз еркімен жұмыстан шығып, 16 жұмысшы тұрақты жұмысқа орналасқан. Қалған 24 азамат жұмыстарын істеуде.
Аудан аумағында жұмыссыздықты болдырмау мақсатындағы іс-шаралар жалғастырылып жатыр.
Қамар ҚАРАСАЕВА