Аймақ

«Jibek Joly» АЭА – 24 ірі жоба іске асырылуда

Жамбыл облысының Шу ауданында орналасқан «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы бүгінде еліміздегі ең ірі өндірістік және инвестициялық орталықтардың біріне айналып отыр. Мұнда жалпы құны 972,4 миллион АҚШ долларын құрайтын 24 ірі жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 4 397 жаңа жұмыс орны ашылады.

Қазіргі таңда 7 жоба толық іске қосылып, өнім өндіруде.

Олар:

глифосат өндірісі;

полиэтилен құбырлары мен шлангтар шығару;

пластмасса втулкалар өндірісі;

аммоний бифторидін өндіру;

өндірісті күй-жайлар құрылысы;

пластификацияланбаған ПВХ құбырлары өндірісі; жел электр станцияларының бөлшектерін шығару.

Сонымен қатар 7 жоба құрылысы белсенді жүріп жатыр, олардың ішінде: жүгері өңдеу зауыты – 50 пайыз (I кезеңі – 80 пайыз) орындалған; сутек асқын тотығын өндіру – 85 пайыз; өндірістік кремний шығару – 40 пайыз; тағамдық желатин өндіру – 85 пайыз; сэндвич-панель шығару – 20 пайыз; металлургиялық зауыт – 5 пайыз; натрий цианиді зауыты – бастапқы кезеңде.

Қалған 10 жоба жобалау сатысында. «Jibek Joly» АЭА – өңірдің өнеркәсіптік қуатын еселеп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, экспорт әлеуетін арттыруға және экономиканы әртараптандыруға серпін беріп отыр.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі