Саясат

Адамдардың өмір сүру салты да өзгере бастады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында еліміздің цифрлық ел болуы қажеттігіне тоқталды. Бұл ретте жасанды интеллектінің қарқынды дамуы халықтың, әсіресе жастардың мінез-құлқына әсер етіп жатқаны айтылды.

Жеті тараудан тұратын бұл Жолдауда болашаққа батыл қадам жасалған көп жаңалық бар. Негізгі басты мақсат – еліміздің тұрақты әлеуметтікэкономикалық дамуына жаңа серпін беріп, сонымен қатар, жаппай жаһандану кезеңі қарқын алып отырған қазіргі шақта еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сол үшін де Мемлекет басшысы ел алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Бүгінде дүние жүзі жаңа тарихи кезеңге қадам басып, әлемдегі дамыған бірқатар елдер жаппай цифрландыру мәселесіне үлкен ден қойып, жасанды интеллект арқылы өркендеуге бағыт алуда. Ал бұл үрдістен Қазақстан шет қалса, дамыған көп елдерден кенжелейтініміз анық.

Біртебірте қарқын алып, жасанды интеллектінің жедел дами түсуі қазірдің өзінде бүкіл халықтың, әсіресе, жастардың өміріне қатты әсер етіп жатқанын күнделікті өмірден байқауға болады. Мәселен, бүгінде көптеген жастың мінез-құлқы, болмыс-бітімі, ойлау жүйесі бұрынғыдай емес, мүлдем өзгере бастағанын аңғару қиын емес. Мемлекет басшысы бүкіл әлемде саяси және экономикалық, мемлекетаралық қатынас тұрғысындағы мәселелерді айтпағанның өзінде, адамдардың өмір сүру салтының мүлдем өзгере бастағанын айтты. Сөйтіп, Қазақстанның барлық жағынан өсіп, өркендеп, жан-жақты дамуы үшін Үкімет алдына маңызды стратегиялық мақсат қойған ауқымды жаңа міндеттер жүктеді.

Сонымен Президентіміз: «Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек», – деп атап өтті.

Бұл ретте цифрлық кодексті тезірек қабылдау қажеттігіне тоқталды. Бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалануды, басқа да мәселелерді айқындау қажеттігі айтылды. «Құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын.

Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек», – деп нықтай түсті Президент Жолдауында.

Мемлекет басшысы Жолдауында цифрландыру және жасанды интеллект ұғымдарын жиі атады. Цифрлық кодекс жасауға байланысты ұсыныстары ойымыздан шықты. Осы салаға байланысты минист рлік құру тура лы ойымен бөлісуі де орынды. Қазіргі таңда дүниежүзі елдері жасанды интеллектінің дамуына көңіл бөлуде. Қазақстанның бұл тұрғыда заманауи үрдістен қалыс қалмауын бізде дұрыс санаймыз. Жолдауда сондай-ақ банк саласын цифрландырудың пайдасы, құзырлы органдардың жұмысын жетілдіру, тіпті олардың жұмысына өзгерістер енгізу қажеттігі де баса айтылды.

Мемлекет басшысы Жолдаудың біршама бөлігін инвестиция мәселесіне арнады. Инвестиция – экономиканың дамуына зор ықпал ететінін жақсы білеміз. Елімізге инвестиция тарту үшін арнайы бағдарлама дайындау қажеттігі де көңілден шығып отыр. Бағдарламаны созуға болмайтыны, оны шұғыл шешу қажеттігін баса атап өтті. Өңірлерге инвестиция тартудың маңызы зор екенін айта келіп бұл мәселе көп уақыттан бері айтылып келе жатқанын тағы бір еске салды.

Жолдауда бұлардан басқа да халықтың тұрмысын жақсартуға байланысты бірнеше мәселелер сөз болды. Олардың ішіндегі өңдеу өнеркәсібін дамыту, қуат көздерін жаңғырту, ауыл шаруашылығы саласын көтеру, көлік логистикасын одан әрі дамыту, туризм мәс еле сі, кәсіпкерлер мәселесі, жерді тиімді пайдалану, қоршаған ортаға жанашырлық таныту, кәсіби даярлығы жоғары мамандар тарту, тағы басқа да еліміздегі өзекті деген мәселелер бар.

 

Әбибулла СӘУЛЕБАЕВ

Байзақ ауданы заң кеңесінің меңгерушісі.