Әлеумет

Ой мен дәлел додасында бақ сынасты

Облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамытуға бағытталған шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Аталған жоба аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің жастармен жұмыс бөлімінің жанынан ашылған «Еркін ойлар алаңы» интеллектуалды пікірсайыс клубы мен «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Сәкен мұрасы» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті.Турнирге Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген 20-ға жуық фракция қатысып, білім мен парасат, ой мен дәлел додасында өзара бақ сынасты.

 

Айдана БЕКМЫРЗА

облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы.