Әлеумет

Жақсылық жасап жарысайық

Облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында сәуір айынан бері облыс аумағында «Қамқор» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба аясында қаламыздағы «MART» сауда ойын сауық орталығы және «Корзинка» дүкендер желісінің бірнеше дүкендерінде қамқор әлеуметтік жәшіктері орналастырылып, қамқор әлеуметтік дүкені ашылды! Жақсылық жасауға таптырмас мүмкіндік.

Қаламызда орналастырылған әлеуметтік жәшіктерге таза, артық киімкешек, ойыншықтар, аяқ киім сынды тұрмыстық заттар жиынтығын өткізуге шақырамыз! Жоба жыл соңына дейін жалғасады.

 

Назима ЮЛДАШЕВА

«Кomek.demeu.kz» қоғамдық қорының президенті.