Аймақ

Өңір өнеркәсібіндегі оң нәтижелер

Елімізде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және дамытуға, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің өсуіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың басынан бастап 1 қазанына дейінгі уақыт аралығында өңіріміздегі жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 108962 бірлікті құрайды.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104 пайызға өскендігі байқалады.

2025 жылдың 2-ші тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 765,5 миллиард теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 128,4 пайызға өсті. Сондайақ аталған субъектілердің тарапынан 323,2 миллиард теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріліп, өткен жылдың мерзімді кезеңімен салыстырғанда деңгей 40,6 миллиард теңгеге артты. Мерзімді кезеңде облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 180,6 миллиард теңгені құрайтын қаржы жалпы саны 27 963 кәсіпкерге берілді.

Соңғы сегіз айда облыс бойынша «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында 12,1 миллиард теңгені құрайтын 94 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар «Өрлеу» бағдарламасы аясында несие соммасы 7,9 миллиард теңгеге 33 жоба қаржыландырылса, «Кепілдік қоры шеңберіндегі қолдау» бағдарламасы аясында несие соммасы 7,4 миллиард теңгеге кепілдік сомасы 3,4 миллиард теңгені құрайтын 85 жоба қаржыландырылды. Ал «Jambyl Business» өңірлік бағдарламасы аясында несие соммасы 2 миллиард теңгеге 48 жоба қаржыландырылып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында өңдеу өнеркәсібінің дамуына жеке тоқталып, оған жаңа серпін беру қажеттігін мәлімдеп:

Өнеркәсіп – бұл кез келген мемлекет экономикасының маңызды секторы. Ол табиғи шикізатты өндіру мен оны өңдеумен және сондай-ақ әртүрлі заттар мен энергияны өндірумен айналысатын кәсіпорындардан, зауыттардан және фабрикалардан тұрады. Облысымыздағы өнеркәсіп саласында 44 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Халыққа 859 кәсіпорын қызмет етеді. Түйіндеп айтқанда, аймақтың өнеркәсіп кәсіпорындары өнім көлемін жыл сайын арттырып келеді.

Басқарма басшысының айтуынша, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 967,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Металлургия өнеркәсібі бойынша мерзімді кезеңде 87,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Оның нақты көлем индексі 86 пайызды құрайды. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 14,4 пайызға тиесілі. Саланың негізгі кәсіпорындарына ферроқорытпалар өндірісі бойынша «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, бағалы металдар (алтын және күміс) өндіретін «АК Алтыналмас» АҚ, алтын және күміс өндіретін «Golden Compass Capital» АҚ, болат құю бұйымдарын өндіретін «Запчасть» АҚ жатады.

Аталған өндіріс ошақтарында соңғы тоғыз айдың көлемінде барлығы 1612 килограмм алтын заттай мәнде өндірілген. Азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша мерзімді кезеңде 95,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Оның нақты көлем индексі 112,3 пайызды құрайды. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 15,7 пайыз. Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі бойынша (құрылыс индустриясы) мерзімді уақытта 66,7 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Оның нақты көлем индексі 135,8 пайызды құрайды. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 10,9 пайыз.

Саланың негізгі кәсіпорындары тізіміне портландцемент өндіру бойынша «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС, құрылыс гипсін және оның құрылғыларын өндіретін «Жамбылгипс» АҚ, темірбетон бұйымдарын, бетоннан жасалған құрылыс құрастырмалы құрылымдарын өндіретін «Гимарат Темірбетон» ЖШС және «Жамбылхимстрой» ЖШС, сондайақ және тағы басқа кәсіпорындарды жатқызсақ болады. Осы жоғарыда аттары аталған кәсіпорындармен мерзімді кезеңде барлығы 1206,4 мың тонна портландцемент, 217,6 мың тонна құрылыс гипсі, 338,2 тонна тауарлы бетон заттай мәнде өндірілген.

 

Талғат ТАЛАПҰЛЫ