Вейпке тыйым салғаннан іс бітпейді
Қоғамда «вейп» деп аталып кеткен электронды темекіні сатуға тыйым салынғаны да бірер жыл болды. Қаптамасы көз тартатын, хош иісі бар құралдарға жастармен қоса жасөспірімдер де құмар. Қиыны, электронды темекілердің саудасына қатысты талаптар күшейтілгенімен, мектеп оқушылары вейпті әлі күнге дейін оңай сатып алады. Жалпы, электронды темекінің сатылымына түбегейлі тыйым салу туралы қоғам белсенділері мен ата-аналар айтуындай-ақ айтты. Кейін Мәжіліс депутаттары да халықтың талап-өтінішін қуаттап, мәселені мінберде көтерді. Депутаттық сауалда елімізде вейптер мен оның басқа түрлерін сатуға толығымен тыйым салып, жарнамасын шектеп, жауапкершілікті күшейту жағы да қамтылады. Заң жүзінде тыйым салынғанымен, бірнеше жыл елдің көкейінде жүрген мәселе толық шешіле ме? Балаларды электронды темекіден қорғай аламыз ба? Мысалы, «Байтақ» жасылдар партиясының жетекшілері бұл пікірмен келіспейді. Электронды темекіні жеткізуге, сатуға тыйым салу арқылы іс бітпейді, оның айналымын қатаң бақылау қажет деп санайды.
Бір сөзбен айтқанда, «Байтақ» жасылдар партиясы вейптің сатылымына тыйым салуға қарсы екенін білдіре отырып, мұндай құралдарды табак және алкогольді заттармен бірдей қатаң бақылауға алу керек деген ұстанымда екенін аңғартты. Бұл ұсынысты «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаевтың өзі түсіндірді.
«Байтақ» партиясы Жасылдар саясаты департаментінің директоры Азамат Аяйбергеновтің те пікірі осыған саяды.
Темекі заттары нарығы қауымдастығының төрағасы Малика Бақытжанова электронды темекілерді сатып алу екінің біріне, яғни жасөспірімдерге қолжетімді болмауы керек деп санайды. Сонымен қатар вейптердің қаптамасы мен дәміне де өзгеріс енгізу қажет.
Естеріңізде болса, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің ықпалымен еліміздің бірнеше аймағында электронды темекілерді елге заңсыз кіргізгендер анықталды. Демек, заңсыз тауар тасымалдағандар жауапкершіліктен құтылмайтыны белгілі. Бұл да болса, құрамы күдік тудыратын тауарларды елге заңсыз кіргізуді көздегендерге дабыл.
Есен ӨТЕУЛІ