Қоғам қайраткеріне арналған тақтайша ашылды
Өткен сенбіде мемлекет және қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Жандар Кәрібайұлына арналған тақтайшаның ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және қайраткердің жұбайы мен туыстары қатысып, жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.
Жандар Кәрібайұлы әр жылдары Жамбыл аудандық партия комитетінің хатшысы, облыстық партия комитетінің идеология бөлімінің меңгерушісі және Парламент Сенатының депутаты қызметтерін абыроймен атқарған.
Aq jol-Aqparat