Жаңалықтар

Ел мерейін асырған жас талант

Ербол Қарашөкеев тараздық жас айтыскер ақын Інжу Жаңабаймен кездесті

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, жас айтыскер ақын Інжу Жаңабаймен кездесті.

Басқосуға өнерлі өреннің «Жасанды интеллект дәуіріндегі жасампаз жастар» атты оқушылар арасындағы республикалық айтыста бас жүлде – «Қола домбыраны» иеленуі, сондай-ақ «Ақберен» шығармашылық байқауында жеңімпаз атануы арқау болды.

Ербол Қарашөкеев Інжудің бойындағы дарынды танып, оны шыңдауға бағытбағдар берген ата-анасы мен ұстаздарына шынайы ризашылығын жеткізді. Сонымен бірге жас түлекке шығармашылық шабыт, биік белестер мен жаңа жеңістер тіледі. Өз кезегінде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Інжудің әкесі әрі ұстазы Есет Досалы көрсетілген қолдау мен құрмет үшін облыс әкіміне алғысын білдірді.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық айтыскер ақын, жыршы-термешілер орталығының директоры Ахметжан Өзбеков қатысты.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.