Қытай университетінде «Шәкәрім» мәдени зерттеулер орталығы ашылды
Министрлік туралы Комитеттер Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты Қытайдың Xi’an Jiaotong University жанынан «Шәкәрім» мәдени зерттеулер орталығы ашылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Бұл – ұлы ойшылдың шығармашылығы мен философиясына арналған шетелдегі тұңғыш институционалды орталық. Халықаралық деңгейде ашылып отырған орталықтың негізгі міндеті – Қазақстанның тарихы мен мәдениетін, соның ішінде Шәкәрім мұрасын терең зерделеу, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асырудағы өзара тиімді платформаны қалыптастыру, қазақ мәдениетін Қытайда кеңінен таныстыру, екі ел арасындағы мәдени және ғылыми байланыстарды нығайту.
Орталық ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Шәкәрім университеті мен Сиань Цзяотун университетінің серіктестігінің нәтижесінде ашылып отыр. Келушілер орталықтан Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен мол мұрасы туралы қазақ және қытай тілдерінде толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар қазақ халқының ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі мәдени даму кезеңдері туралы материалдар ұсынылады.
Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков Xi’an Jiaotong University президенті Чжан Лицюньге және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне екі елдің академиялық және мәдени бастамаларын сенімге, ғылыми прогреске және өзара дамуға негізделген бірыңғай стратегияға біріктіргені үшін шынайы алғыс білдірді.