Әлеумет

Өнегелі өмір иесі

Ардақты әкеміз, Байзақ ауданының Құрметті азаматы Орынбек Тұрапбаевты мерейлі 75 жасқа толған туған күнімен және анамыз Амантай Шектібаева екеуінің шаңырақ көтергеніне 50 жыл – «Алтын тойларымен» шын жүректен құттықтаймыз!

Әкеміз өз өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған жан болса, анамыз кадр бөлімінде жұмыс істеп, зейнетке шыққан.

Ата-анамыз ұл-қыздарына саналы тәрбие, жақсы білім беріп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, олардан немере сүйіп отырған бақытты ата-әже. Еңбектері ескерусіз қалған жоқ. Еңбегіне қарай мемлекеттік медальдармен де марапатталды. Ауданның құрметті азаматы атанды. Мұның бәрі де жемісті атқарған еңбегіне берілген жоғары баға деп білеміз.

Саналы өмірін бала тәрбиесіне арнап, жастарға жол сілтеген әке, өзіңізді осы айтулы мерейтойыңызбен және анамыз екеуіңіздің «Алтын тойыңызбен» шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат тілейміз. Өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықты, адамдық пен адалдықты, бауырмалдық пен әулеттің ынтымақ бірлігін ту етіп ұстап келе жатқан Сіздерге деген алғысымыз шексіз!

 

Ізгі-тілек білдірушілер: Ұл-қыздары, күйеубалалары мен келіндері және немерелері.