Оқушылар енді көлікпен тасымалданады
Қызыләуіт ауылдық округіндегі М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектепке оқушыларды тасымалдау үшін су жаңа «ГАЗель» автокөлігі берілді. Қоғамдық көлік енді Ақтөбе ауылындағы бастауыш мектепті бітіріп, жоғары сыныпқа көшкен оқушыларды іргелес Қызыләуіт ауылындағы орта мектепке тасымалдайтын болады.
Бұған дейін екі аралықта ескі көлік қатынаған еді. Ол көлік жиі бұзылатын. Қыс уақытындағы жағдай айтпаса да түсінікті. Кей кездері ауыл тұрғындары оқушыларды Қызыләуітке жеңіл көлік жүргізушілеріне қолқа салып, тасымалдаған кездер де болды. Ара-тұра кездескен қиындықтардың барлығын осы бір сүйінші жаңалық ұмыттырып жіберді. Жаңа көліктің берілгеніне оқушылар ғана емес, ата-аналарда үлкен ризашылығын білдіріп, қуанып жатыр. Мектептің меншігіне тапсырылған су жаңа «ГАЗель» 16 орынға шақталған.
Ерман ӘБДИЕВ