Әлеумет

Мұқтаж жанға қайырымды, мейірімді орта

Елімізде қиын жағдайда жүрген адамға туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені әзірленген. Мұндай міндеттер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы тарапынан жүзеге асырылады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Заңда өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді деп көрсетілген. Қаратау қаласында №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмыс істейді.

2003 жылы жұмысын бастаған мекемедегі әр қызмет талапқа сай жүргізіледі. Қазір мұнда 81 қызметкер бар. Олардың ішінде 10-ы әлеуметтік қызметкер санатында. Сондай-ақ мекемеде 62 қызмет алушы тіркелген. Аталған арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры Ерлан Әнетбаев өз ісін жетік білетін басшы. Жоғары оқу орнында ұстаздық қызмет атқарған маман әлеуметтік салада да өз қабілеті мен біліктілігін танытып келеді.

Ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасынан табылатын азаматтың біліктілігі мен кәсіпқойлығы мекемедегі жұмыстарға жауапкершілігімен қарауында. Мұнда қызмет алушыларға үйдегідей қолайлы жағдай жасалған. Бұл орайда 7 бағытта, атап айтқанда, әлеуметтіктұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономикалық және әлеуметтік-құқықтық арнаулы қызметтер көрсетеді.

Ғимараттың ішінде әр бөлме қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әр блок қызмет алушыға арналып жасақталған. Дәрігерлердің қабылдау бөлімі, әкімшілік бөлмесі, мәжіліс залы, асхана, кітапхана, емдеу, арнаулы оңалту шараларын көрсететін бөлмелер орналастырылған.

 

Ерман ӘБДИЕВ