Таласта бар толымды іс
Аудан бойынша 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жақсы деңгейде қалыптасып, өнеркәсіп өнімдері 29,3 миллиард теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 100,3 пайызға орындалып отыр.
Атап айтар болсақ, есепті кезеңде кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібі – 9,5 миллиард, өңдеу өнеркәсібі – 17,7 миллиард, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 1,9 миллиард теңгеге орындалған. Дегенмен, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы өңірлерде экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша қаңтар-тамыз айларының қорытындысымен нақты көлем индексін 88,6 пайызға жеткізу жоспары 9 пайыздық тармаққа орындалмай отыр. Себебі, «Шолақтау» тау-кен өндіру кешені 2024 жылдың 9 айында ұсақталған фосфатты шикізатты 58,1 мың тонна өндірсе, 2025 жылдың 9 айында сұраныстың азаюына байланысты 43,4 мың тонна шығарды. Сондай-ақ, «QazaqGaz барлау және өндіру» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жылы 147 миллион текше метр табиғи газ өндірсе, 2025 жылы қысымның төмендеуіне байланысты 104,7 миллион текше метр өндірген. Ал, экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша қаңтар-шілде айларының қорытындысымен нақты көлем индексін 103,9 пайызға жеткізу жоспары 0,2 пайыздық тармаққа артық орындалып отыр.
Сонымен қатар ауданда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 28,2 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 169,6 пайызға орындалса, жеке және шағын кәсіпорындардағы бөлшек сауда тауар айналымы 4,2 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 111,3 пайызға орындалды. Экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша қаңтар-тамыз айларының қорытындысымен нақты көлем индексін 111,2 пайызға жеткізу жоспары да орындалып отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,5 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 145,4 пайызға, экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша қаңтар-шілде айларының қорытындысымен нақты көлем индексін 140 пайызға жеткізу жоспары 5,4 пайыздық тармаққа артық орындалды.
Аудан бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 19088 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,5 пайызға орындалды. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 16 миллиард теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 101,7 пайызға орындалған.
Инвестиция жаңа жұмыс орнымен еселенеді
Ауданға инвестиция тарту және жаңа жұмыс орнын ашу бағытында елеулі жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Осыған байланысты, 2023-2025 жылдары құны 31,2 миллиард теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру межеленген. Жобалар іске асырылған жағдайда шамамен 450 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Атап айтқанда, «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құны 25,8 миллиард теңгені құрайтын цианид натрий өндірісін ұлғайту жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру мерзімі 2026 жылға белгіленіп, қазіргі таңда өндірісте 600 адам жұмыс жасауда. Ал, «KARATAU CHEMICALS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құны 2,88 миллиард теңгені құрайтын пиросульфат натрий өндіру жобасы бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде, жұмыспен 55 адам қамтылған.
«Asia NST» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құны 476,8 миллион теңгені құрайтын мрамор өндіру жобасын іске қосып, 12 адам жұмыспен қамтылды. «Жамбыл Недр» кәсіпорны «Қаратау әктас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүшесі болып, қазір кәсіпорын аумағында қуаттылығы 400 тоннаға дейін 1 және 2 сортты әктас шығаратын әк өндіру зауытының құрылысының инвестициялық жобасын бастады.
Бүгінгі күнге 1,7 миллиард теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынып, оларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Жоба толық іске қосылғанда 90 адам жұмыспен қамтылатын болады. Инвестицияның жалпы сомасы 2 миллиард теңгені құрайды. Сондайақ, ауданда 2026-2028 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалар да баршылық.
Кәсіпкерлікті дамытуда келелі іс бар
Ауданда 4 мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда, яғни кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бірыңғай кешенді бағдарлама, «Кең дала», «Агробизнес», «Ауыл аманаты» бағдарламалары. Есепті кезеңде құны 2451,4 миллион теңгені құрайтын 64 жоба іске асырылды.
Атап айтқанда, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бірыңғай кешенді бағдарламасының «пайыздық ставканы субсидиялау» бағыты бойынша құны 1810 миллион теңгені құрайтын 3 жоба. Қаратау қаласында 2 жоба жүзеге асырылды, құны 1800 миллион теңге (2 жел электр стансасы), Бостандық ауылында құны 10 миллион теңгені құрайтын 1 жоба жүзеге асырылды (1 мал шаруашылығы). Кең дала бағдарламасы аясында құны 61,5 миллион теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылды.
Бостандық ауылында 1 жоба құны 10,5 миллион теңге, С. Шәкіров ауылында 1 жоба құны 12,7 миллион теңге, Ойық ауылында 2 жоба құны 23,2 миллион теңге, Ақкөл ауылында 1 жоба құны 7,3 миллион теңге, Аққұм ауылында 1 жоба құны 7,8 миллион теңге.
Агробизнес бағдарламасы бойынша 11 жоба 268 миллион теңге. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында құны 311,9 миллион теңгені құрайтын 44 жоба іске асырылды. Қаратау қаласында 35 жоба жүзеге асырылды құны 241,1 миллион теңге, С.Шәкіров ауылында 1 жоба құны 9,8 миллион теңге, Қызыләуіт ауылында 2 жоба құны 15,4 миллион теңге, Тамды ауылында 1 жоба құны 5 миллион теңге, Ойық ауылында 1 жоба құны 6,5 миллион теңге, Ақкөл ауылында 1 жоба құны 9,8 миллион теңге, Берікқара ауылында 1 жоба құны 8 миллион теңге, Үшарал ауылында 1 жоба құны 8,2 миллион теңге, Аққұм ауылында 1 жоба құны 8 миллион теңге.
Мал басы артып, аграрлық сала дамуда
Есепті кезеңде аудандағы мал басының саны артып отыр. Бүгінгі күні ауданда мүйізді ірі қара – 30020, қой-ешкі – 325929, жылқы – 17813, түйе – 2168, шошқа – 172, үй құстары 35567-ні құрап отыр. Ауылшаруашылығы өнімі бойынша мал мен құс еті (тірідей салмағымен) – 8937,2, сүт – 4881,4, жүн – 430,5 тонна, жұмыртқа – 3007,1 мың дана орындалған. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 259,8 миллион теңге көлемінде инвестициялар тартылды, нақты көлем индексі 60,4 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығы техникалары бойынша ауданда барлығы 812 дана ауыл шаруашылығы техникалары, оның ішінде, 7 астық комбайны, 323 трактор, 482 басқа қосалқы агрегаттар тіркелген. Көктемгі егіс-дала жұмыстарына 439 ауыл шаруашылығы техникалары тартылды. Биылғы жылға 53 ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау жоспарланған. Ағымдағы жылдың 9 айында 346 миллион теңгеге 12 трактор, 1 комбайн және 18 басқа да агрегаттар сатып алынды.
Биылғы жылға 519 гектар егіс көлемін тамшылатып, жаңбырлатып суару әдісімен және лазерлі тегістеуішпен егу көзделді. Оның ішінде, «Зерхат» шаруақожалығы – 190, «Рәтбек» – 35, «Нұрдаулет» – 100, «Демеш» – 55, «Мирас» – 10 гектарды қамтыған. Ветеринариялық кешенді жоспарға сәйкес 2025 жылдың ақпан айында ауыл шаруашылығы малдарына арналған барлық вакциналар келіп, жоспар бойынша ауылдық округтерге таратылып берілді.
Салынған вакциналар жоспарға сай «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» базасына енгізіліп отырады. Бірдейлендіру жұмыстары бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 12144 бұзау, 151889 қозы-лақ, 5277 құлын, 350 бота, 100 торай бірдейленіп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына енгізілді.
Көгілдір отынмен қамту 74 пайыз орындалды
Ауданда 23 елді мекен болса, бүгінде 17 елді мекен толықтай газдандырылып отыр. Бұл 73,9 пайызды құрайды. Ал 2027 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Майтөбе және Қожағаппар елді мекендеріне газ құбырларын салу жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 704 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Мердігер «АқБарыс-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Нысан 2024 жылдан ауыспалы. Сонымен қатар, Қасқабұлақ, Есейхан және Қараой ауылдарын газбен қамтамасыз ету бойынша жеткізуші газ құбырының құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 898,2 миллион теңге бөлініп, «Газ-Сервис» жауапкершілігі шектеуілі серіктестігі мердігер болып анықталды. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, нысан 2026 жылға өтпелі.
Аталған ауылдарға ішкі кварталдық газ жүйесінің құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленген, жоба құны 995,8 миллион теңге. Көктал ауылының газ тарату желісінің құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленген, жоба құны 1261 миллион теңге. Бұл жобаларды іске асыру мақсатында, республикалық бюджеттен қаражат қарастыру үшін бюджеттік өтінім берілді. Ал, Қаратау қаласындағы мазут шаруашылығын қайта құру жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 451,9 миллион теңге бөлініп, бүгінгі күні қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Нысан 2024 жылдан өтпелі. Сонымен қатар 2024 жылдан биылғы жылға өтпелі Қаратау қаласының жеке тұрған қазандығын қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтауға 148 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Қаратау қаласындағы жылу желісінің №1 бөліміне Балалар өнер мектебінен А. Байтұрсынов мектебіне және «Тамды-Әулие» көшесі №3 тұрғын үй, барлығы 2,5 шақырым қайта жаңғырту жобасы бойынша облыстық бюджеттен 225,5 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Соңғы үш жоба бойынша жұмыстар биыл аяқталады.
«Ауыл-Ел бесігі» жобасымен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында аудандағы С.Шәкіров ауылындағы 4 көшеге, Аққұм ауылындағы 3 көшеге, Ойық ауылындағы 1 көшеге, Ақкөл ауылындағы 2 көшеге және Бостандық ауылындағы 2 көшеге, барлығы 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 218,4 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, Ойық ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғыртуға 111,1 миллион (жоба құны 277,9 миллион теңге) және Үшарал ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғыртуға 141,2 миллион теңге (жоба құны 471,3 миллион теңге) бөлінді.
Мердігер «Компания Сырым Блеке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоғарыдағы нысандар 2026 жылға өтпелі. 2024 жылдан өтпелі Бостандық ауылындағы спорт кешенінің құрылысын аяқтауға 427,1 миллион теңге бөлініп, мердігер «Әл-Мансұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстарды аяқтап отыр.
Жалпы аудандағы 7 ауылдық елді мекендердегі 13 көшені жарықтандыруға 97,6 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
1946 жас жұмыспен қамтылды
Ағымдағы жылы ауданда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 45 маманға көтерме жәрдемақыға 17,694 миллион теңге, тұрғын үй сатып алу үшін 10 маманға 78,640 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі күнге 34 маманға 13,369 миллион теңге көтерме жәрдемақы берілді. Оның ішінде білім саласында 14, денсаулық сақтау саласында 6, спорт саласында 3, мемлекеттік қызметшілер 4, ветеринария саласында 5, әлеуметтік қамсыздандыру 1, мәдениет саласында 1 маман бар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жастардың кәсіби білім алуына, өздеріне тұрақты жұмыс орнын табуына бағытталған. Жалпы ауданда жастар саны 14354 адам (қалада 9490, ауылдық округте 4864 жас) аудан халқының (47295) 30,3 пайызын құрайды. Оның ішінде, экономикалық белсенді жастар саны – 8679.
Биылғы жылы 1615 жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 1946 жас азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, жұмысқа орналасты. Жыл басынан жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында әртүрлі бағыттарда жалпы 962 іс-шара өткізіліп, оған барлығы 21992 жас қатысты.
Ауданда жұмыссыз жастарды анықтау мақсатында тізім тұрақты түрде жаңартылуда. Респубикалық базадан келген 278 жасқа адресаттық талдау жұмыстары жүргізіліп отырады.
Ерман ӘБДИЕВ
Талас ауданы