Ақын атындағы турнир
Ақын атындағы турнир
Алаштың ардақты айтыскер ақыны, ауған соғысының ардагері Әзімбек Жанқұлиевті еске алуға арналған кикбоксингтен үшінші республикалық турнир өз мәресіне жетті. Жасөспірімдер сынға түскен доданың лайықты өтуіне ұйымдастырушылар бір кісідей атсалысты. Турнирдің ашылу салтанатында айтыскер ақын Әсет Дүйсебаев қара өлеңнен шашу шашты. Ақынның ағасы Алтынбек Жанқұлиев, ауған соғысының ардагерлері Рахымжан Малыбаев, Дүкенбай Ермековтер сөз сөйлеп, аяулы ақын туралы естеліктерімен бөлісті. 4-сынып оқушысы Жалғас Советов ақынның өлеңдерін оқыды. Турнирге еліміздің әр аймағынан балғын кикбоксшылар қатысып, бәсеке көркін қыздырды. Қатарынан оза шауып, бәйге алғандар марапаттан тысқары қалған жоқ. Оларға кубок, арнайы медальдар және ақын жайында жазылған естелік кітаппен қатар өзге де сыйлықтар табысталды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».