Мәдениет

Жамбылдық жас өрен айтыстың «Қола домбырасын» иеленді

Астанада Оқу ағарту министрлігінің, айтыс ақындары мен жыршы термешілері халықаралық одағының және Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында републикалық « Қола домбыра» айтысы өтті. Екі күнге созылған дүбірлі жыр додасы әулиеаталықтар үшін қуанышты жаңалыққа толы болып тұр.

Айтулы аламанда облыс намысын Тараз қаласы №3 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Інжу Жаңабай қорғаған болатын. Інжу Есетқызы алғашқы күні Ақмола облысының ақыны Сәттібек Серікболатұлынан шеберлігін асырып, қазылар алқасының ең жоғары ұпайына ие болды. Айтыстың өн бойында Інжудің тапқыр ой, көркем теңеу, шымыр шумақтары көп болды. Ал келесі кезеңге 22 жүйріктің арасынан 8 ақын ғана өтті. Келесі күні де жерлесіміз жеңісті жолынан жаңылған жоқ. Әуелі керекулік Мейіржан Баршынбаймен деңгейі жоғары айтыс жасаса, одан кейін Алматы облысының ақыны Ақнұр Зейнулладан да бір бас жоғары екенін көрсетті.

Шешуші айтыста жерлесіміз Қостанай облысының ақыны Нұрислам Рагатовпен айтысты. Қарсылас ақын қыздарға үкі сыйлаған Нұрисламға Інжу:

Қазылар алқасының шешімімен айтыстың бас жүлдесі және арнайы жасалған қола домбыра Інжу Жаңабайға берілді. Әйгілі айтыскер, қазіргі үлкен айтыстардың ұйытқысы Аманжол Әлтай, «Қола домбыра» жобасының авторы Серікзат Дүйсенғазы, қазылар алқасының төрағасы Ринат Зайытов, «Алтын домбыра» айтысының иегерлері Еркебұлан Қайназаров, Мейірбек Сұлтанхан жас айтыскерлерге жылы лебізін арнап, Інжу Жаңабайға да жоғары бағасын берді. Інжу ақынның бұл жеңісіне Ахметжан Өзбеков басқаратын облыстық «Айтыс ақындары мен жыршы термешілері» орталығының және айтыстағы жеке ұстазы Есет Досалының қосқан үлесі үлкен.

Бұйырса, Інжу 7 қараша күні Ақмола облысы, Бурабай жерінде өтетін ре спублика лық «Ақберен» байқауында да облысымыздың намысын «Айтыс» аталымы бойынша қорғайтын болады.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ