Еңбек адамы

Шетелдік мамандарға сұраныс бар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2025 жылға аймақ бойынша барлығы 1163 шетел мамандарына квота белгіленген.

Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша облыста 31 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 756 шетел азаматтары жұмыс атқаруда. 435 берілген рұқсаттар үшін жұмыс берушілермен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені және ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 324,5 миллион теңге салық төленді.

Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие – сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженерэлектроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, инженер-механик, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженержобалаушы, метрология бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер мамандықтары. Сондай-ақ облыс әкімінің өкімімен құқық бұзушылық профилактикасы және еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша құрылған жұмыс тобы және облыстық прокуратураның «Қауіпсіз Еңбек» жобасы аясында аудандағы өндіріс орындарын аралап, сараладық. Айта кетерлігі, Шу ауданындағы Yonggang Central Asia Iron and Steel және JVictor New Energy жауапкершілігі шектеулі серіктестері, Sany Renewable Energy Kazakhstan Wind Power Equipment Manufacturing Base Ltd., Fufeng Group компанияларының өндіріс орындары еліміздің экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып отыр.

Шетелдік компаниялар елмен бірге етене жақын болып, әлеуметтің жағдайын жақсартуға бар күшін салуда. Жұмыс барысында жергілікті және шетелдік мамандармен кездесу өткізіп, заңнама нормалары түсіндірілді. Сонымен қатар биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында облыста 66 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, онда 998 жұмыс берушіден 4556 бос жұмыс орындары ұсынылды. Ал 2601 адам жұмысқа орналасты.

 

Самат ТӨРЕГЕЛДИЕВ

облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.