Еңбек адамының құқы қорғалады
Бүгінгі күнге облыста еңбек жағдайлары тұрақты деңгейде, еңбек қатынастарындағы шиеленістер ресми түрде тіркелмеген. Дегенмен, жоғары тәуекелді деңгейі бар кәсіпорындардың санын азайту бойынша бірқатар шаралар қолға алынуда. Басты мақсат – еңбек адамының құқын қорғау.
Маңыздысы – жұмыскерлерді еңбек міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан сақтандыру. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша облыста 3290 белсенді кәсіпорынның ішінде 2026 жұмыскерлер еңбек міндеттерін атқару барысында жазатайым оқиғалардан сақтандырылған, бұл 61,5 пайызды құраған болатын. Бүгінгі таңда сақтандыру деңгейі – 69 пайызға жетіп отыр. Дегенмен, шарт жасалмаған кәсіпорындардың басым бөлігі Тараз қаласында орналасқандықтан, ерекше бақылауға алынды. Сөйтіп, сақтандырылмаған кәсіпорындарға ресми хабарламалар жолданды. Сондай-ақ жоғарыда аталған әрекеттермен қатар келесі қосымша іс-шаралар да қабылданып отыр. Облыста 990 сақтандыру шарты жоқ кәсіпорын бар.
Еңбек инспекторларына әр ай сайын әкімшілік аумақтарындағы кемінде 15 кәсіпорында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бақылауды күшейту және сақтандыру шарты бар кәсіпорындарды анықтау міндеттелген. Сақтандыру деңгейін арттыру мақсатында аудан әкімдіктеріне нақты міндеттер жүктеліп, тиісті ресми хаттар да жолданды. Мақсатымыз қазан айының соңына дейін сақтандырумен қамту көрсеткішін 70 пайызға жеткізу және осы деңгейді жыл соңына дейін сақтау болып отыр. Сондай-ақ биыл облыста мемлекеттік еңбек инспекторларымен 8 кәсіпорында 533 жұмысшының алдында 261 миллион теңге жалақы қарызы анықталып, 15 нұсқама беріліп, 2,7 миллион теңге айыппұл салынған. Нәтижесінде, 7 кәсіпорында 505 қызметкердің алдындағы 239 миллион теңге жалақы қарызы толық өтелді. Дегенмен, «Шу-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 28 қызметкерге 22 миллион теңге жалақы қарызын өндіру үшін барлық әкімшілік және сот шаралары қолданылғанымен, нәтиже бермеді. Кәсіпорынның аукционға шығаруға жарамды мүлкі тіркелмеген.
Банкрот деп тану мүмкіндігі қарастырылған, алайда бұл қызметкерлердің құқықтарын қамтамасыз етпейтіндіктен, осы бағыттағы жұмыс тоқтатылды. Сонымен қатар Меркі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 1 тамыздағы мәліметіне сәйкес, «Меркі қанты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2025 жылдың маусымшілде айларында 265 жұмыскерге 83,2 миллион теңге көлемінде жалақы берешегі қалыптасқан. Қазіргі уақытта серіктестіктің 560 жұмыскерінің 192-сі жұмыс істеп жатыр, ал 368 адам ақысыз демалыста.
Аталған жағдай бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізу мәселесі қарастырылуда. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасарының атынан облыстық прокуратураға ресми хат жолданған. Бүгінгі таңда серіктестік маусым-шілде айына қатысты 265 жұмыскерге 83,2 миллион теңге көлеміндегі жалақы берешегін төледі. Алайда тамыз айына 236 жұмыскерге 39,7 миллион теңге берешек әлі де өтелмей отыр. «MONTERRO QAZAQSTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша Алматы қаласындағы офисі жабылғандықтан, Алматы қаласының еңбек инспекциясы департаменті былтыр 4 қызметкерге 54,1 миллион теңге көлемінде жалақы қарызы барын анықтап, ағымдағы жылдың басында бұл актіні біздің департаментке жолдады.
Алайда жүргізілген тексеру барысында серіктестік заңды мекенжайында табылмады, ол жерде мүлдем офис болмағаны анықталды, осыған байланысты тиісті актілер толтырылып, кәсіпорын басшылығымен байланыс болмағандықтан 5 қызметкерге сотқа жүгіну ұсынылды. Ағымдағы жылдың 1 қазанға жағдай бойынша облыстық мекемелерде қызметкерлерді жұмыстан босату фактілері орын алған жоқ.
2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялануына орай облыстық прокуратурамен бірлесіп «Қауіпсіз еңбек» жобасы бекітілді. Ірі кәсіпорындарға Көмек QR кодтары орнатылып, еңбек құқықтары бұзылған жағдайда жұмысшыларға көмекке жүгіну мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар бекітілген кесте бойынша 1892 адамның қатысуымен 125 ұжымда түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 42 азаматқа кеңес берілді. Еңбек жағдайлары бойынша 148 жұмыс орны аттестаттаудан өтті. Инновациялық жобалар навигаторы аясындағы инвестициялық жобалар шеңберінде еңбек қатынастарын формализациялау бойынша «Жобалардың инновациялық навигаторы» цифрлық платформасында облысы бойынша 2024-2029 жылдар аралығында жалпы құны 5,592 миллиард теңгені құрайтын 107 инвестициялық жоба жүзеге асырылуы көзделіп, нәтижесінде 7020 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өзге де уәкілетті басқармаларымен жасалған салыстыру актісіне сәйкес, бүгінгі таңда өңірде жалпы сомасы 3566 миллиард теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Аталған жобалар аясында 5796 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қазіргі уақытқа дейін 1303 жаңа жұмыс орны құрылып, бұл жоспардың 22,5 пайызын құрап отыр. Сонымен қатар 49 жоба бойынша «Жобалардың инновациялық навигаторына» қандай да бір ақпарат енгізілмеген және бұл жобаларды өңірде іске асыру жоспарда көзделмеген.
Бүгінде іске асырылып жатқан 58 инвестициялық жоба аясында яғни, 2024 жылы жалпы құны 142,2 миллион теңге болатын 11 жоба аясында 415 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қазіргі кезде 9 жоба пайдалануға беріліп, 1 жоба іске қосу сатысында. Мұнда 228 жұмыс орны құрылып, жоспар 55 пайызға орындалды. 2025 жылы құны 141,3 миллион теңге болатын 26 жоба шеңберінде 1219 жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінгі күнге дейін 466 жұмыс орны ашылып, орындалу деңгейі 38,2 пайызды құрады. 2026 жылы құны 630,0 миллион теңге болатын 10 жоба аясында 1947 жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Қазіргі таңда 552 жұмыс орны құрылып, жоспардың 28,4 пайызы орындалған. 2027 жылға жоспарланған 6 жобаға 355,6 миллион теңге инвестиция тартылып, 1250 жұмыс орнын ашу көзделген. Алайда бүгінгі күнге дейін тек 48 жұмыс орны ашылып, іске асыру қарқыны төмен болып тұр. 2028 жылы жалпы құны 1 659 миллион теңгені құрайтын 4 жоба аясында 950 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қазіргі уақытта небәрі 9 жұмыс орны құрылды. Ұжымдық шарттар мен жұмыс беруші актілерінде
Еңбек кодексінің 99-бабы 4-тармағының нормасын қамту мәселесі бойынша кәсіпорындар тізімін пысықтаудың аралық нәтижелері төмендегідей. Қазір орташа айлық табысы 7 есе ең төменгі жалақыдан жоғары фертильді жастағы 349 әйел жұмыс істейтін кәсіпорындардың тізімі қарастырылып, аталған кәсіпорындардағы ұжымдық шарттар мен жұмыс берушінің актілерінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 99- бабы 4-тармағының нормаларының көзделукөзделмеуі зерделенді. 41 мемлекеттік мекеме, 28 орта және ірі бизнес субъектісі, 284 жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы сондай-ақ 6 республикалық кәсіпорынның облыстық филиалы анықталды. 40 кәсіпорын өңірде тіркелмеген.
2025 жылдың 1 тамызына Ұлттық статистика бюросының статистикалық есебіне сәйкес, облыста тіркелген заңды тұлғалардың саны – 12114. 1 тамызға облыс бойынша 11 785 ұжымдық шарттар мониторингтен өткізілді немесе 97,9 пайызды құрады. Сонымен қатар есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардан 1163 арыз-шағым түсті. Оның ішінде 872-і қаралып, 161 жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.
Нәтижесінде, 109 заң бұзушылық анықталып, 72 нұсқама берілді. Қалған 291 арыз-шағым тиістігіне қарай өзге мемлекеттік органдарға жолданып отыр.
Жарылқасын АЙТАҚОВ
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің облыс бойынша департаментінің бастығы.