Экономика

Қандай жеңілдіктер бар?

Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексіне қол қойды. Осы Кодексте негізгі өзгерістердің нормаларын, оның ішінде жеңілдіктері туралы кең аудиторияға түсіндіру облыстық мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің басты міндеті болып табылады.

Жаңа Салық кодексіндегі, ең бастысы жеке азаматтарға (кәсіпкерлерге) қандай жеңілдіктері бар деген сұрақ жиі түседі. Біз жаңа Салық кодексіне талдау жасап, негізгі жеңілдіктер бойынша өзгерістер келесідей екенін түсіндіріп отырмыз.

Біріншіден, жеке тұлғаларға салынатын көлік құралдары салығына қатысты айтар болсам, пайдалану мерзімі 10 жылдан асатын жеңіл автомобильдер бойынша көлік салығын есептеу тәртібі өзгертіліп, оларға түзету коэффициенті – 0,7, және пайдалану мерзімі 20 жылдан асқандарға түзету коэффициенті – 0,5 қолданылады. Яғни 10 жылдан асқан көлік құралдарына 30 пайыздық, ал 20 жылдан асқан көліктерге салық 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған (мысалы, сіз 2004 жылы шыққан жеңіл көлікке бұрын 20 мың салық төлеген болсаңыз, 2026 жылға тек 10 мың теңге салық төлейтін боласыз). Шаруа фермер қожалықтары бір пикап көлігі бойынша көлік салығын төлеуден босатылды (қолданыстағы Кодексінің нормаларына сәйкес, егер жеңіл көлігінің қозғалтқыш көлемі 2500 мың текше метрден асқан жағдайда босатылуы қарастырылмаған). 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстанда өндірілген (дайындалған немесе жиналған) немесе Қазақстанның аумағына әкелінген, қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдер үшін мөлшерлемелер алынып тасталды. Яғни, бір сөзбен айтқанда, егер көлік құралы 3000 текше метрден асып (объем 3,5), Қазақстанға 2014 жылдан бері кірген болса (мысалы, Қырғызстаннан) онда ол көлікке ерекше ставкамен, теңгеге шаққанда салық 162 мың теңге салық салынады, ал тексет көлікке Қазақстанға 2014 жылға дейін кірген болса, оған 60 мың теңге салық салынады. Осы айырмашылық алынып тасталды, 2026 жылдан бастап бірыңғай салық ставкамен көлік салығы төленетін болады (60 мың көлемінде).

Екіншіден, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы алынып т аст алды (алкоголь өнімдерін сату). Мысалы, дүкендер алкоголь өнімдерін (арақ-шарап, сыра) сату үшін лицензия алу керек, лицензия алғанда лицензияны алғаны үшін лицензиялық алымды (100-АЕК – 393 мың теңге) және лицензия пайдаланғаны үшін төлемақыны жылына төрт мезгілге бөліп (100-АЕК – 393 мың теңге) төлейді. Келесі жылдан бастап, тек лицензия алғаны үшін алым төленеді (бір рет), ал лицензия пайдаланғаны үшін төлемақы төленбейді.

Үшіншіден, жеке с а лықтық шегерімдердің базалық салықтық шегерім қолданысқа енгізіледі. Атап айтқанда, базалық салықтық шегерім айына 30 АЕК (123 870 теңге) мөлшерінде, бірақ күнтізбелік жыл үшін 360 еселенген АЕК-тен (1 486 440 теңге) аспауға тиіс. Осы сома аясында, яғни айына 123 870 теңге шеңберіндегі табысқа салық салынбайды. Бұл шегерім, қазір болып жатқан: оқуға, денсаулық сқтауға, ипотекалық шегерімдерді, көпбалалы отбасыларға, стандарттық шегерімдерді біріктіріп, яғни әр шегерім жеке-жеке есептелмей жалпы тәртіппен қолданатын болды.

Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялауды және әкімшілендіру процесін оңайлату мақсатында жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтаруды болдырмау бөлігінде оқытуға, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыға, көпбалалылар үшін салық шегерімдерінің орнына оның шегін айына 30 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайта отырып, стандартты шегерімге ауыстыру қарастырылған. Сондай-ақ жаңа Кодексте бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін –салық шегерімдері 882 еселенген айлық есептік көрсеткіштен, 5000 е селенген айлық е септік көрсеткішке дейін (20,6 миллион теңге) ұлғайтылды.

Атап айтқанда, 2026 жылдан бастап 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдардың 20,6 миллион теңгеге дейінгі табыстарына жеке табыс салық салынбайды. Қалған әлеуметтік осал топтары бойынша әлеуметтік шегерім 882 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қалдырылып отыр. Зейнетақы төлемдері мен біржолғы зейнетақы төлемдері үшін жеке табыс салық салудан босату көзделген.

Бұл жаңа норма, қазір көпшілікке белгілі міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алған кезде, жеке табыс салық есептелінеді, енді 2026 жылдан бастап бұл норма жойылады, яғни міндетті зейнетақы төлемдерді (оның ішінде артық сомаларды, ипотекалық несие алуға, ипотекалық несиені төлеуге, немесе денсаулық сақтауға) алу кезінде жеке табыс салық салынбайды.

Салықтық есептіліктері 30 пайызға қысқарту және тапсырылмаған есептіліктер нөлдік көрсеткішпен тапсырылған есептілігіне теңестірілетіні туралы айтар болсам. Жаңа Салық кодексі шеңберінде қолданыстағы 39 салық есептілігінен 12 салық есептілігі (30 пайыз) жойылады. Олардан бізде жиі кездесетін: жеке табыс салығының 240.00 нысанындағы декларация (жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушылар тапсыратын), қазір оларға 270.00 нысанының қосымшасын тапсырады, сондайақ, ай сайынғы акциз есеп-қисабы 421.00 (400.00-де қосымша), көлік құралдарының, жер салығының ағымдағы төлемдердің есеп-қисаптары 701.00, 701.01, сондай-ақ мүлік салығының егер салық міндеттемесі 300 айлық есептік көрсеткіштен аспаса (1,2 миллион теңгеден аспаса) есеп-қисабын тапсыру міндеттеме жойылады.

Патент құнының, бөлшек салық есеп-қисаптары және тағы басқа есептіліктерді тапсыру міндеттемесі жойылады (911.00, 912.00, 913.00). Сонымен қатар салық есептілігі белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, мұндай есептілігі «0»-дік көрсеткішпен ұсынылған болып есептеледі. Салық төлеуші осы салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін ұсына алады; салық есептілігін ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жойылады; салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту мен кері қайтарып алу қарастырылмаған. Барлық өзгерістер қосымша декларациялар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, кезінде кәсіпкерлік ашып кәсіпкерлік жұмыс жасамай декларация тапсыруды ұмытып кеткен едік, енді бір уақыт өткен соң, біздің банктегі шотымызға кірістер органы шектеу қойды. Сол кезде біз салық органдарына барып декларация тапсырылмай қалғанын, тапсыру керектігін, әкімшілік іс қозғалатыны жөнінде бірақ білдік.

Шотты ашу үшін, Халыққа қызмет ету орталығына барып ЭЦП (кілт) ашу керек, өзіміз тапсыра алмасақ онда декларация тапсыратын қызметпен айналысатын консалтинг ұйымдарға бару керектігін, декларация тапсырғаннан кейін шоттын ашылғанын күту керектігін білдік.

Қазір ол үшін кірістер органдары сізге 1) хабарлама жібереді, 2) декларация тапсырылмаса банк шоттарына бұғат қойылады, 3) әкімшілік жауапкершілікке тартады. Осының барлығы келесі жылдан бастап жойылуы көзделген, яғни салық төлеушілерге қолдаудың бір түрі болып табылады. Жаңа Кодексте салық берешегін өндіріп алу және тәртіп енгізілді. Атап айтқанда, салық берешегінің шекті мөлшері ұғымы енгізілді.

Салықтық берешектің шекті мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенген мөлшерінде айқындалып, ол салықтық міндеттемені қамтамасыз етудің әрбір тәсілі немесе салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың әрбір шарасы үшін жеке-жеке қолданылатын болды.

Өндіріп алудың жаңа тәртібіне сәйкес:

20 АЕК-ке (86500 теңгеге) дейін – хабарламаны жолдау және өсімпұлды есептеу ғана болады;

20 АЕК-тен (86500 теңгеден) астам – хабарлама жіберу, өсімпұл есептеу, шоттарды бұғаттау және инкассалық өкімдер шығару;

45 АЕК-тен (194 625 теңгеден) астам – мүлікке тыйым салуды, дебиторлардан өндіріп алуды қоса алғанда, барлық өндіріп алу шаралары;

27 000 АЕК-тен (116,7 миллион теңгеден) астам – шетелге шығуға тыйым салу (сот шешімі бойынша 3 айдан астам берешек өтелмеген жағдайда).

Сонымен қатар Әлеуметтік төлемдерге тоқталатын болсақ, тәуекел дәрежесін есепке алмай, әлеуметтік төлемдер бойынша 6 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 25,9 мың теңгеден асқан жағдайда ғана берешекті өндіріп алу қарастырылып отыр. Бір сөзбен айтқанда, қазіргідей міндетті зейнетақы жарналарының 1 теңге қарыз үшін, банк шоттарға шектеу қойылмайды.

 

Ерлан НҰРМАХАНБЕТОВ

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы.