Инвестиция дегеніміз өңірдің дамуы мен жұмыс орындарының ашылуы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында қолайлы іскерлік ортаны, бизнеске тиімді қолдау көрсетуді және бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің бизнес-дағдысы мен құзыретін жетілдіру, инвесторларға қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударып, Үкіметке бірқатар тапсырмалар жүктеп келеді.
Инвестиция – жалпақ тілмен айтқанда өңірдің дамуы мен жұмыс орындарының ашылуы. Бұл бағыттағы игіліктерді жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер жердің құрылымынан бастап, ауа райының қолайлығына дейін баса мән беретіні белгілі. Жамбыл – географиялық орналасуы инвесторларды тарту, кәсіпкерлікті дамыту бойынша әлеуеті жоғары өңірлердің бірі болып саналады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоғарылауына, халықтың әлеуметтік тұрмыс сапасының жақсаруына «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» және басқа да бағдарламалар мен жобалардың шарапаты еселеп тиюде.
Жалпы алғанда биылғы жылдың тоғыз айында инвестиция тарту бойынша Жамбыл облысы республикада үздік үштікке кірді. Инвестор тарту бұл – Президент тапсырмасы. Оны орындауда облысымыз көш басында келе жатыр.
Облыстың жалпы өңірлік өнімі 690,9 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 106,3 пайыз деңгейінде қалыптасты. Жыл басынан қысқамерзімді экономикалық өсім 111,4 пайыз деңгейінде қалыптасып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 18,9 пайызға, ауыл шаруашылығы – 0,1 пайызға, инвестиция – 32,4 пайызға, құрылыс жұмыстары – 19,6 пайызға, тұрғын үй – 2,8 пайызға, сауда – 2,4 пайызға, көлік – 4,9 пайызға, байланыс – 9,3 пайызға артты. Сондай-ақ 8 айда негізгі капиталға 391,7 миллиард теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде бюджет қаражаты – 71,1 миллиард теңге, меншікті қаражат – 231,9 миллиард теңге, банк несиелері – 14,0 миллиард теңге, басқа қарыз қаражаттар – 74,6 миллиард теңге.
2028 жылға дейінгі инвестициялық портфель 6,3 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін 62 жобадан тұрады. Құны – 3,5 триллион теңге. Оның 26 жобасын (161 миллиард теңге) үстіміздегі жылы іске асырып, 1,1 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жыл басынан 13,3 миллиард теңгеге 8 жоба іске қосылып, 184 жұмыс орны құрылды. Ол кәсіпорындар – «Темір жол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі» (Шу ауданы), «Кірпіш зауыты» (Байзақ ауданы), «Құрамында алтыны бар кен өндірісі» (Мойынқұм ауданы), «Шыңдалған шыны өндірісі» (Байзақ ауданы), «Жабық аквопарк» (Тараз қаласы), «Әктас өндіру зауыты» (Тараз қаласы), «Форель өсіру бойынша шаруашылығы және консервілеу цех құрылысы» (Қордай ауданы), «Органикалық тыңайтқыш өндірісі» (Байзақ ауданы).
Инвестициялық пулдағы ірі жобалар: «MASDAR» және «TOTAL EREN» (жел электр станциялары), «Fujian Hengwang Investment» (металлургиялық зауыт), ЕУРОХИМ-ҚАРАТАУ (минералды тыңайтқыштар), «Qazaq Soda» (кальцийлендірілген сода), «Fufeng Group» (жүгеріні терең өңдеу), «MARIAM GOLD» (алтын өндірісі), «ALTYN ALMAS REAGENTS» (натрий цианиді өндірісі), «ШОКПАРГАГАРИНСКОЕ» (алтын өндірісі), «Shagala Mining» (мыс өндірісі).
Ауыл шаруашылығы саласына 28,9 миллиард теңге субсидия бөлініп, 15,6 миллиард теңге инвестиция тартылды. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 214,2 миллиард теңгені немесе 100, 1 пайызды құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығында 85,9 миллиард теңге, мал шаруашылығында 127,8 миллиард теңге. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 640 мың гектарды құрады. 2024 жылы бұл көрсеткіш 626 мың гектар болатын.
Нақтырақ айтсақ, дәнді дақылдар – 362 мың гектар, майлы дақылдар – 38 мың гектар, көкөніс дақылдары – 31,1 мың гектар, картоп – 8,2 мың гектар, қант қызылшасы – 6,6 мың гектар. 2025 жылғы шілде айынан бастап өңірде егін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 3,8 миллион тонна өнім алу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы қант қызылшасы дақылын 5,2 мың гектар алқаптан таза салмақта 250 мың тонна өнім алу күтіледі. Күзгі жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу мақсатында 9,3 мың дана ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылуда.
2025-2026 жылғы мал қыстату маусымына мал азығын дайындау жұмыстары кестеге сәйкес 309,7 мың га жердің 307,4 мың га орылып, 2,1 миллион тонна пішен, 118,4 мың тонна пішендеме және 476,3 мың тонна сабан, 87,9 мың тонна сүрлем дайындалды. Осы бағытта 4,3 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді.
Жыл басынан бері 255 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, жаңару көрсеткіші 4,1 пайызды құрады. Мал шаруашылығында ұсақ мал саны – 3,2 миллион басқа, ірі қара – 0,5 миллион басқа, жылқы – 0,2 миллион басқа, құс 1,9 миллион басқа жетті. Ет өндірісі (тірі салмақта) – 4,8 пайызға, сүт 1,6 пайызға артты. 91,0 миллион АҚШ долларына 124,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды. Ағымдағы жылы құны 32,8 миллиард теңгеге 235 жұмыс орнын құруды көздейтін 16 жоба іске асырылады.
Бүгінгі күнге 1,1 миллиард теңгеге 2 жоба іске асырылды. Онда 26 жұмыс орны құрылды.
Нақтырақ айтсақ, 2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі аясында 12 жоба, яғни, 4 жоба сүт тауарлы фермалары,
4 жоба көкөніс сақтау қоймалары;
2 жоба қайта өңдеу;
1 жоба балыққа арналған жем өндірісі;
1 жоба су үнемдеу технологиясы, сондайақ «Алель Агро» АҚ Жамбыл филиалы (құс фабрикасы, құс етін сою цехы), «BM AGROPRODUCT» ЖШС (кіші құс фабрикасы), «ТаразКожОбувь» ЖШС (теріні өңдеп дайын өнім өндірісі), «Мерагро Холдинг» LTD ЖШС (жаңбырлатып суғару технологияларын орнату).
2024 жылдан бері облыста Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі аясында «Агроөнеркәсіп кешені саласында инвестициялық жобаларға несие беру» бағдарламасы іске асырылуда. 2024 жылы 8,5 миллиард теңге бөлініп, 15 инвестициялық жоба қаржыландырылды. Іске асырылып жатқан жобалар сүт өндірісін жыл сайын 15 мың тоннадан астам немесе 6,5 пайызға ұлғайтуға, облыстағы қоймалардың сыйымдылығын 10 пайызға арттыруға, сол арқылы маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыруға және ең бастысы жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтуға ықпал етеді.
Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – бюджеттен бөлінген қаржыны шашау шығармай игеріп, ел игілігіне жарату. Қаржыны бөлдіру бір бөлек, оны қажетке жаратып, жобасын жүзеге асыру да үлкен шаруа.
Шағын және орта бизнесті дамытуға облыстың қаржы институттарымен 26,0 мың кәсіпкерге 96,4 миллиард теңге несие берілді. Берілген несиелердің 29,8 миллиард теңгені құрайтын 632 жобасы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 6,1 пайызға артып, жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 109,0 мың бірлікті, онда жұмыспен қамтылғандар 163,5 мың адамды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құны 181,4 миллиард теңгені, ЖӨӨ-дегі үлесі 26,3 пайыз құрады. Сондай-ақ 337 ауылдық елді мекендегі 675,3 мың адам ауыз сумен қамтылған. 2025 жылы 13,9 миллиард теңгеге 24 ауылдық елді мекен мен 9 тұрғын алқапты ауыз сумен қамту жоспарлануда.
Нәтиже сінде, жыл қорытындысы бойынша ауылдар мен қалаларды 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Ал табиғи газбен 274 елді мекендегі 1,1 миллион адам қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы газбен қамту бойынша 14 жобаны іске асыруға 20,5 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде, облыстың газбен қамту деңгейі халық санымен 91,8 пайызға жеткізіледі. Жылу желілерінің ұзындығы 350,7 шақырым, тозу деңгейі – 54 пайыз.
Тараз қаласында М-1 негізгі жылу магистралі, Қаратау қаласында мазут шаруашылығы қайта жаңғыртудан өтті. Жоба құны – 710,9 миллион теңге, 2024 жылы 259,0 миллион теңге бөлінді, енді 2025 жылға 451,9 миллион теңге қарастырылған. Сондай-ақ орталық қазандыққа – 740,7 миллион теңге, 2024 жылға – 592,6 миллион теңге, 2025 жылға 148,0 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар М-3 жылу магистралі қайта жаңартудан өтті (жоба құны – 2,1 миллиард теңге, жалпы ұзындығы – 1,4 шақырым, 2025 жылы 944,4 миллион теңге қарастырылған). Бүгінге, 0,7 шақырым құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы Тараз қаласының 15-ші шағынауданында 597,8 миллион теңгеге жылумен жабдықтаудың инженерлік желілері кеңейтілді. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2025 жыл қорытындысымен 53 пайызға дейін төмендетіледі. Тағы бір айтары, ағымдағы жылы автожол саласын дамытуға 28,0 миллиард теңге бөлініп, 184 жобаны іске асыру аясында 17,7 шақырым көше жолдары мен 6 көпір құрылыспен, 8,0 шақырым жолдарды қайт а жаңғыртумен және 466,2 шқ жолдар орта жөндеумен қамтылуда. Бір жаяу жүргінші өткелі салынуда.
Нәтижесінде, жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 99,5 пайызға, ал көше-жол желісі – 89 пайызға дейін жеткізіледі. Ағымдағы жылы әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 48,4 миллиард теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артық. Президенттің «10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру» бойынша тапсырмасы аясында кәсіпкерліктің жаңа бастамаларын қолдау есебіне 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
Бұдан басқа, өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында облыс бойынша 39,9 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, оның ішінде 24,2 мыңы – тұрақты орындар. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 30368 жұмыс орны қамтылды. Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрайды. Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 10,0 пайызға артып, 355,2 мың теңгені құрады.
2025 жылдың соңына дейін 65,6 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның 48,4 мыңы – тұрақты жұмыс орны. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде өңірде 26 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Үстіміздегі жылы 15 ныс анды пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінге 7 мектептің (3550 орын) құрылысы аяқталды, оның 4-уі (3200 орын) «Жайлы мектеп» жобасы аясында. Мемлекеттік білім беру ұйымдары бейнебақылау интеграциясымен, дабыл нүктелерімен, турникеттермен, мамандандырылған күзетпен, жоғары жылдамдықты интернетпен 100 пайыз қамтылған. 70 мыңнан астам 1-4-сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 6,4 миллиард теңге, 40 мыңнан астам аз қамтылған отбасыларынан шыққан 1-11-сынып оқушыларына 3,7 миллиард теңге қарастырылды.
Облыс оқушылары 16 жыл қатарынан республикалық ғылыми жобалар конкурсында «Ең үздік команда» атанып, республикалық олимпиаданың қорытындысымен «Үздік олимпиадалық команда» деп танылды. Дарынды оқушыларымыздың сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалуда.
Биылғы оқу жылында «Дарын» мамандандырылған лицей-интернаты жаңа заманауи құралдармен жабдықталған ғимаратқа көшіріледі. Сондай-ақ биыл 4,1 миллиард теңгеге 5 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде, оның 3-і пайдалануға берілді. 11 медициналық мекемені күрделі жөндеуге 1,5 миллиард теңге бөлінді. Бүгінге 3 нысан аяқталды. Медициналық құрал-жабдық сатып алуға 6 миллиард теңге бюджет қаражаты бөлініп, 32 дана диагностикалық техника алынды. Бұл ерте, жедел жәрдем жұмысының сапасы мен ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жыл соңына дейін лизинг тәсілімен 60 дана санитарлық автокөлік сатып алу жоспарлануда. Нәтижесінде, денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 54,3 пайыздан 45,7 пайызға дейін төмендеп, медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 92,7 пайызға жетеді.
Жасанды интеллектімен онкологиялық ауруларды анықтау жөніндегі арнаулы жүйе 3,6 миллиард теңгеге 22 мекемеде енгізіліп, 2264 адам тексеруден өтті. Спорт саласында 21 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 18-і бюджет қаражаты, 3-і демеушілер есебінен. Бүгінге 2 спорт кешені мен 23 спорт алаңшасы пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 9 нысанды қолданысқа беру жо спарлануда. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен 511,5 миллион теңгеге 3 ангар типті спорт кешенін пайдалануға беру жоспарлануда.
«Тараз Арена» спорт кешені күрделі жөндеуден өтуде, 2025 жыл соңына дейін аяқталады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 322,5 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде, халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейін 70 пайызға, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын халық үлесін 42 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда. Облыс спортшылары жыл басынан бері түрлі республикалық және халықаралық ресми жарыстарда 1 197 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 387-і алтын, 318-і күміс, 492-і қола.
Мәдениет саласында 16 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 3 мәдениет үйі және Тектұрмас тарихи кешені пайдалануға берілді. 12 нысаны ағымдағы жөндеуден өтті. Нәтижесінде, жыл қорытындысы бойынша халықтың мәдени инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 79,5 пайызға жетеді.
Оралхан ДӘУІТ