Аймақ

Бұл тек отбасының ғана міндеті емес

Қоғамның болашағы – ұрпақ тәрбиесімен тығыз байланысты. Ал ұрпақтың амандығы мен қауіпсіздігі – мемлекеттің басты құндылығы. Бүгінде балаға қауіп төндіретін факторлар аз емес. Әлеуметтік желідегі киберқауіптен бастап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа дейінгі мәселелер күн тәртібінен түспей келеді. Осыған орай Тараз қаласындағы №64 орта мектепте «Баланың қауіпсіздігі – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз» атты кең көлемде семинар-тренинг өтті.

Іс-шараның мақсаты–баланың өмірі мен денсаулығын қорғауда отбасы, мектеп және қоғамның бірлескен іс-қимылының маңызын түсіндіру, қауіпсіз орта қалыптастыру жолдарын талқылау және осы бағыттағы жауапкершілікті арттыру. Семинарды Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты ұйымдастырды.

Жиынға облыс пен қала көлеміндегі білім саласының өкілдері, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, полиция қызметкерлері, ата-аналар комитетінің мүшелері және қоғам белсенділері қатысты. Семинардың бірінші бөлімі «Қауіпсіздік сағаттары» форматында өтті.

Қатысушыларға «Жасанды интеллект: зияны мен пайдасы» және «Желідегі фейктер үшін жауапкершілік» тақырыптарында арнайы дайындалған бейнесабақтар көрсетілді. Мұндай мазмұнды материалдар оқушылар мен ата-аналардың цифрлық мәдениетін қалыптастыруға және ғаламтордағы қауіптерге қарсы сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Пленарлық отырысты Amanat партиясы облыстық филиалы Әйелдер қанатының мүшесі, №64 орта мектебінің директоры Эльмира Қойлыбаева жүргізді. Ол өз сөзінде қоғамдағы басты құндылық – адам өмірі екенін айта келе, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-ана, мектеп және қоғам өкілдері бірлесе әрекет ету керектігін атап өтті.

Әуелі сөз алған Amanat партиясының облыстық филиалы Әйелдер қанатының кеңесшісі Айман Ашимова бала қауіпсіздігі және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, соңғы жылдары балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуда қоғамдық ұйымдар мен мектептердің ынтымағы ерекше маңызға ие болып отыр. Сондай-ақ облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Әтенов те сөз сөйлеп, бала тәрбиесінің мемлекет дамуындағы рөліне тоқталды.

Семинар барысында түрлі саланың мамандары өз тәжірибесімен бөлісіп, маңызды баяндамалар жасады. Облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Айдана Биғабылова «Отбасындағы зорлықзомбылық мәселесі және оны шешудегі әлеуметтік қызметтердің рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде тұрмыстық зорлықтың салдары мен оны ерте анықтаудың тетіктерін түсіндіріп, атааналар мен педагогтерді бала психикасына әсер ететін жағдайларды жіті бақылауға шақырды.

Облыстық ювеналды адвокаттар алқасы филиалының меңгерушісі Жұбаныш Нурахова «Тұрмыстық зорлықзомбылықтың алдын алу» тақырыбында заңнамалық тұрғыда кеңес беріп, атааналарға өз құқықтары мен міндеттерін білу қажеттігін айтты. №64 орта мектебінің ата-аналар комитетінің төрағасы Болат Тасуов «Отбасы мен мектептің байланысы» тақырыбында сөз сөйлеп, бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың бір бағытта жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасының «Үздік мемлекеттік қызметшісі», облыстық психологиялық орталықтың әдіскері Гүлзира Дәрібаева «Отбасының психологиялық ахуалының бала мінез-құлқына әсері» туралы баяндамасында отбасындағы жылы қарымқатынастың бала дамуына тікелей ықпал ететінін жеткізді. Сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігі жанындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Отбасын қолдау орталығының» директоры Бахыт Жақсылықова «Отбасына психологиялық қолдау көрсету» бағытында баяндама оқып, әлеуметтік қызметтер мен қоғамдық ұйымдардың бірлесіп атқарып жатқан жобаларына тоқталды.

Полиция қызметкері Қуаныш Болатұлы «Тұрмыстық зорлықзомбылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, төтенше жағдай кезінде атааналар мен балалардың әрекет ету дағдыларын түсіндірді. Семинардың үшінші бөлігі практикалық форматта өтті.

Қатысушылар «ата-аналар», «мұғалімдер» және «қоғам белсенділері» болып үш топқа бөлініп, «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында түрлі ойындарға қатысты. Интерактивті тапсырмалар арқылы қатысушылар төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету, баланың өзін-өзі қорғау қабілетін дамыту және ата-аналардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын тәжірибе жүзінде пысықтады.

Жиын соңында «Екі отбасының тәрбиесі» атты көрініс көрсетілді. Көрініс арқылы ұйымдастырушылар ата-ананың балаға деген көзқарасы мен тәрбиелік ұстанымдарының айырмашылығын көрсетуге тырысты. Бұл сахналық қойылым көрермендерге терең ой салып, пікірталас алаңына айналды.

Қатысушылар өзара ой бөлісіп, бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әрқайсысының қоғам алдындағы жауапкершілігін тағы бір мәрте сезінді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар зорлық-зомбылық, киберқауіп және немқұрайлылық сияқты қатерлердің түрлері мен салдарын айқындады. Баланың құқығы бұзылған жағдайда қолданылатын әрекет ету алгоритмі талқыланды. Сонымен қатар мектеп пен ата-аналар арасында бірлескен іс-шаралар жоспары құрылып, балаға қолайлы, жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында нақты ұсыныстар қабылданды.

Осындай семинарлар мен тренингтер қоғамда балаға деген қамқорлық мәдениетін қалыптастырып, әрбір атаананың жауапкершілігін арттыруға зор үлес қосады. Бүгінгі таңда баланың қауіпсіздігі – тек отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір ұстаздың, әрбір ата-ананың және әрбір азаматтың басты борышы – баланың бақытты шағын қорғау.

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ