Жаңажолдықтардың жолы жарқын
Жаңажол ауылдық округінде 2933 тұрғын бар, аула саны 590. Жаңажол ауылы көп ұлтты елді мекен болып саналады, ұлтаралық ынтымақтастық жақсы қалыптасып, бірлігі жарасқан елдімекен. Округті дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 2023 жылы ауылішілік көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальтталған. Ауылдық округте жалпы 7 мемлекеттікәлеуметтік нысан орналасқан. Атап айтқанда, әкімшілік, мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, ветеринариялық пункт, пошта. Округ аумағындағы Б. Момышұлы атындағы орта мектебі 1969 жылы пайдалануға берілген.
Орта мектепте екі тілде (қазақ, орыс) білім берілуде. 565 оқушы білім алса, бұдан бөлек мектепалды даярлық сыныбында 35 оқушы бар. Педагогтар саны – 75, жоғары білімді – 73, арнаулы орта білім иесі – 2. Ұстаздардың дені біліктіліктен өткен педагог-зерттеуші – 10, педагог-сарапшы – 34 мұғалім, педагог-модератор – 22 мұғалімді құрайды. 100 орындық «Бәйшешек» бөбекжай бақшасы да бүлдіршіндермен толық қамтылған. 25 баладан төрт топқа бөлінген. Мұндағы штат саны 32 адам, оның ішінде 12 педагог, жоғары білімді 7, арнаулы орта білімі бар 5 адам еңбек етеді. Сонымен қатар дәрігерлік амбулаторияда аға дәрігер, 4 учаскелік медбике, 1 емдеу медбикесі, 1 әлеуметтік жұмысшы, 2 кіші қызметкер, 1 жүргізуші, 1 қарауыл жұмыс істейді. Жаңажол ауылдық округінде мәдени ұйымдастырушысы мен кітапхана халыққа қызмет етуде.
Мәдени ұйымдастырушысының ұйымдастыруымен ауылда 25 іс-шара өткізіліп, 1930 адам қамтылды. Кітапханада 7367 дана кітап қоры бар, оның 4389- ы қазақ тілінде. Оқырман саны – 586 адам. Мемлекеттік жастар саясатын дамытуға бағытталған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы аясында 2025 жылдың есепті кезінде Жаңажол ауылдық округінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Жалпы 95 іс-шара ұйымдастырылып, оған 7360 адам қамтылған.
Бүгінгі күнде ауылда салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында барлығы 5 спорт нысаны бар. 2014 жылы ауылға газ тартылып, бүгінгі күнге дейін 418 абонент мердігермен келісімшартқа отырып, газға қосылған немесе аула санының 70,9 пайызын құрап отыр. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы ауыз су жүйесі іске қосылды. Қазіргі таңда округте 434 түтін ауыз сумен қамтылып отыр, ол тұрғындардың 73,6 пайызын құрайды. Жаңажол ауылында шағын және орта кәсіпкерлік нысандар – 27, оның ішінде 19 дүкен (12 азықтүлік, 7 шаруашылық пен киім-кешек), 1 дәріхана, 1 АЗС, 1 шаштараз, 2 пескоблок шығаратын цех, 1 наубайхана халыққа қызмет көрсетуде. Жаңажол ауылында 254 шаруа қожалық тіркелген, оның 15-і мал шаруашылығы, 239-ы егін шаруашылығымен айналысады. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 24669,4 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 23319,5 гектар.
Округ тұрғындарының және шаруа қожалықтарының жеке меншігіндегі мал саны түгелдей есепке алынып, мүйізді ірі қара – 3561, қой мен ешкі – 20353, жылқы 971-ді құрады. Ауыл шаруашлық техникаларын жаңарту мақсатында шаруа қожалықтармен бірлесе отырып, 2023 жылы 3 дана техника, 2024 жылы 4 дана техника, 2025 жылы 2 дана техника алынды. Көп балалы, аз қамтылған 2 (12 адам) отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Бүгінгі күнге жалпы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 35 адам қамтылса, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 4, ақылы қоғамдық жұмысқа 26 адам тартылды. Алғашқы жұмыс орына 1 азамат, жастар тәжірибесіне 4 адам жіберілді.
Қонаев ауылындағы істер көңілге қонымды
Қонаев ауылы бойынша жалпы 1129 аула және 24 көше орналасқан, халық саны 5292 адам, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 2970, немесе халық санының 56,1 пайызын құрайды. Мұнда 16 ұлт өкілдері өзара ынтымақта өмір сүруде. Елдімекенде жалпы 1 мектеп, 2 балабақша, 1 өнер мектебі, 1 дәрігерлік амбулаториясы, 1 қазпошта, 1 ветеринариялық пункт, 1 мәдениет үйі, 1 спорт кешені және 17 азық-түлік дүкені, 3 шаруашылық заттары дүкені, 2 жанар жағар май бекеті, 2 шаштараз, 1 дәріхана, 1 ветеринариялық дәріхана, 1 ет өнімдері дүкені, 3 көкөніс сақтау қоймасы, 1 мал сою алаңы, 1 жиһаздар өндіретін цех, 1 ағаш өндейтін цех және 1 тойхана орналасқан және 1 көлік жуу нысаны бар.
Ауылшаруашылығы саласында 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 5 өндірістік кооперативі, 279 шаруа қожалығы тіркелген, оның ішінде тұрақты жұмыс істеп келе жатқан егін шаруашылығымен айналысатын 267 шаруа қожалығы және 12 мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары өз жұмысын атқаруда. Бүгінгі таңда, Қонаев ауылында ірі қара 4291, 18526 ұсақ мал, 777 жылқы бар.
Жалпы округтегі ауылішілік жайылым көлемі – 1574 гектарды құрайды. Қонаев ауылында 24 көше бар, оның жалпы ұзындығы 34,06 шақырымды құрайды. Бүгінгі күнде аталған 24 көшенің 13-не орташа жөндеу жүргізілген яғни, асфальт жабындысы салынған. Соңғы уақытта 5 көшеге жарық шамдары қойылған. Округ әкімі Нұрсұлтан Нұрмағанбетовтың айтуынша, «Қазақмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігі есебінен жалпы құны 321 миллион теңгеге Кемер-Бірлікүстем облыстық маңызы бар жолдың бойында орналасқан ауылдың кіре берісіндегі көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол жұмыстар шамамен қараша айында бітеді деп күтілуде.
Бірліктегілердің бірлігі бекем
Бүгінде бірлігі жарасқан Бірлік ауылының тұрғындары көп ұлтты ұлт өкілдерінен құралған. Ауылда 3518 халық тұрады оның ішінде 2209 қазақ, 529 орыс, 638 күрд, 21 украин, 39 неміс, 6 белорусь, 38 татар, 8 шешен, 1 поляк, 9 азербайжан, 17 өзбек, 3 ұйғыр, 5 қырғыз, 11 түрік, 3 армян және тағы басқа ұлт өкілдерінен құралған. Тұрғындар ауылдың өркендеуіне, гүлденуіне өз үлестерін қосуда. Мұндағы аула саны 718.
2015 жылы соғылған білім ордасында М.Х.Дулати атындағы орта мектепте 675 оқушы білім алса, 66 мұғалім, 41 кіші қызметкер жұмыс істейді. «Алпамыс» балалар бақшасында жұмыс жасайтын адамдар саны24 оның ішінде, педагогтар 11, кіші қызметкерлер 13, нақты балалар саны 60. «Алмар» балалар бақшасы 2017 жылы жөндеуден өтіп жаңартылған. Онда жалпы саны 20 адам қызмет жасайды оның ішінде педагогтар 7, кіші қызметкерлер 13, нақты балалар саны 100. Денсаулық сақтау саласы бойынша Бірлік дәрігерлік амбулаториясы 2017 жылы салынған.
Жаңа үлгідегі денсаулық сақтау нысанында жұмысшылар саны 11, оның ішінде 2 аға дәрігер, 5 мейірбике, 1 әлеуметтік, 3 – кіші қызметкер жұмыс атқаруда. Сонымен қатар елді мекенде өлкетану және туризм орталығы, кітапхана, ауылдық клуб, ауылдық мешіт, пошта, Казақтелеком стансасы, Бірлік стансасы орналасқан. Шағын кәсіпкерлік нысандары бойынша азық-түлік сататын 8 дүкен, шаруашылық заттарын сататын 1 дүкен, 3 шаштараз, 1 асхана халыққа қызмет көрсетеді.
Округте «Алтын алқалы» аналар саны – 15, «Күміс алқалы» аналар саны – 21. Бірлік ауылының жалпы жер көлемі 847 гектар, оның ішінде тұрғындардың үй асты жерлері 362 гектар, ауыл шаруашылық жайылым жерлері 485 гектар. Ауылдағы Бейбітшілік көшесінің бойындағы спорт кешенін қоршау жұмыстары толық аяқталған. Бірлік ауылының жаяу жүргінші жолын төсеу жұмыстары да жүргізілді. Округтегі коммуналдық меншікті тиімді пайдалану, елді мекендегі инфрақұрылым нысандарын ілгерілету мақсатында, «Ақ бұлақ» ауыз су бағдарламасы бойынша барлығы 33 шақырым су құбыры тартылған, 150 метр тереңдіктен шыққан таза ауыз суын халық пайдалануда.
Келісімшартқа отыру туралы ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп қазіргі таңда 718 ауладан 694 аула таза ауыз су құбырына қосылған, таза ауыз су күнделікті беріледі. Орындалғаны 96,6 пайызды құрайды. Газдандыру жұмыстарын үйлестіру бойынша «Транс-Газ-Аймақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аудандық орталық ауруханасынан Бірлік ауылына дейін сыртқы 6 шақырым, ауыл ішіндегі көшелерге 34 шақырымға газ құбырларын тартқан. Ауыл тұрғындарымен келісімшартқа отыру жұмыстары жүргізіліп қазіргі таңда 718 ауладан 580 аула газ жүйесіне қосылған. Орындалғаны 80,7 пайызды құрайды. Округте 9 көше түнгі жарыққа қосылған, барлығы 270 шамды құрайды, оның ішінде 30 шам орталық саябаққа орнатылған. Түнгі жарық уақыты, күннің ұзақтығына байланысты өзгертіліп отырады. «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2024-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру» жөнінде тиісті жұмыстар жүргізілген.
Жастар тәжірибесінен – 4 азамат еңбекке араласса, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны – 21 адамды құраған. Атаулы әлеуметтік көмек 2025 жылы 9 айында 6 отбасындағы 23 балаға тағайындалған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпыға бірдей әскери қызмет жұмыстарын ұйымдастыру кезінде аудандық әскери комиссариатпен тығыз байланыса отырып 60 азаматқа шақырту қағаздары берілген. Арнайы медициналық байқаудан өткен бала саны – 60, оның ішінде жоғары және арнайы оқу орындарында оқып жатқан балалар саны 17, ауылда тұрмайтындар 2, денсаулықтарына байланысты жарамсыздар 12, әр түрлі себептермен жүргендер 19.
Күнделікті өзекті жұмыстардың ішінде санитарлық тазалық жұмыстарына ерекше мән берілген. Көшелерді тазалау, ағаштар мен гүлдерді, көгалдарды суғару, ағаштарды мезгілімен кесіп тұру, көше бойындағы шөптерді шабу, тиісті жерлерді сырлау, талдарды әктеу жұмыстары, кездейсоқ қоқыс орындарын жою жұмыстары жүргізілген. Ауылдағы 1 аялдама, 20 орындық сырланған. Осы орайда тазалық пен санитарлық нормаларын бұзғаны үшін қосымша шаралар қолданылып, ауылдың тазалығын сақтау мақсатында, әкімшілік құқық бұзушылық заңының 505 бабының 1-тармағы бойынша 5 азаматқа әкімшілік ескерту хаттамалары толтырылған.
Округте ауыл шаруашылық дақылдарын егетін егістікке арналған жер телімі жоқ, мал шаруашылығы бойынша жер көлемі тар болғандықтан тұрғындардың жеке малдары санаққа алынады, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мүйізді ірі қара 453, жылқы 44 бас, қойешкі 1286-ны құраған. Сондай-ақ тұрғындардың қаңғыбас иттерден қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізіліп, 75 қаңғыбас ит ауланған. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруда айтарлықтай жұмыс бар. Мәселен, ауылдық клуб маңында ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған «Ешкім де ұмытылмайды» атты ескерткіш 2010 жылы орнатылған, құжаттары толық рәсімделген, ауылдық әкімдікке қарайды. Жылда ескерткіш аймағы тазаланып абаттандырылып тұрады.
Ауыл әкімінің ұйымдастыруымен округте бірқатар қайырымдылық көмектер жасалған. Жеке кәсіпкерлер А.Кобылецкий, Г. Саргкесян, С. Губайдуллин, В. Акишин 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесінде 45 батыр анаға сыйқұрмет көрсетті. Құрбан айт мерекесінде аз қамтылған 22 отбасына қой сойып таратқан, 10 отбасыға 10 қап пияз берілді. Мектепке жол акциясы кезінде аз қамтылған отбасындағы 42 балаға мектеп формасы мен оқу құралжабдықтары берілді.
Есет ДОСАЛЫ.
Шу ауданы