Еңбек адамы

Шебер дәнекерлеуші

Бүгінгі қоғамда жоғары сұранысқа ие мамандықтың бірі – дәнекерлеуші. Бұл мамандықты меңгергендердің арасында сирек болса да әйел азаматшалар кездесіп қалады. Осы кәсіпті жанына серік еткен жанның бірі – №9 Меркі колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығының арнайы пән оқытушысы Жазира Мадибаева.