Адал қызмет – абырой бастауы
Еңбек адамына деген құрмет ешқашан төмендемейді. Мемлекет басшысының бастамасымен биыл қолдау тапқан Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде еңбек адамдарына көрсетіліп жатқан мүмкіндік мол. Олардың қоғамдағы рөлі де, беделі де артып келеді.
Көзге аса іліне бермейтін жұмысшы мамандық иелері көп. Соның бірі білім мекемелерінде жүрген техникалық қызметкерлер. Олар да биыл Жұмысшы мамандықтары жылының жақсылығын сезініп, білім қызметкерлері кәсіподағының тарапынан ұйымдастырылатын туристік саяхаттарға шығып, Алакөл мен Ыстықкөл жағажайларында демалып, шипажайларда демалуда. Мұндай қолдау бұрын да болған, бірақ қарапайым жұмысшылар ол мүмкіндікті көп пайдалана бермейтін. Б
үгінде олар түрлі марапаттаулардан да қалыс қалмай келеді. Солардың қатарында биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен ұйымдастырылған «Өз мамандығының үздігі» республикалық байқауында топ жарған, Жамбыл ауданы Төле би атындағы орта мектептің жұмысшысы Болатбек Жақыпбеков те бар.
Болатбек мектеп бітірген соң Жамбыл қаласындағы техникалық училищеге түсіп, жүргізуші мамандығын алып шыққан. Түрлі кеңшарларда еңбек еткен. Колхоз-совхоздар тараған соң түрлі жұмыстар атқарып, 2014 жылы мектепке жұмысшы болып орналасыпты.
Мектеп басшылығы да Болатбек Жақыпбековтың тындырымдылығын, жұмысына жауапкершілікпен қарайтынын айтты.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Жамбыл ауданы