Таразда оқушылар арасында көпсайыстан облыстық чемпионат өтті
Ж. Үшкемпіров атындағы «ТаразАрена» спорт кешенінде 11-сынып оқушылары арасында «Бір күн арнайы қызметте» атты көпсайыстан облыстық чемпионат өтті.
Жарыстың мақсаты – жастардың әскери қолданбалы спорт түрлеріне қызығушылығын арттырып, отансүйгіштік сезім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру. Шараның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев жасөспірімдердің белсенділігі мен елге деген сүйіспеншілігін жоғары бағалады.
Чемпионат барысында оқушылар түрлі спорттық және әскери-қолданбалы жаттығулар бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар мен командалар Алғыс хаттармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.
Aq jol-Aqparat