Білім

«Бүгінгі студент – ертеңгі жұмысшы»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты негізінде биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны баршаға мәлім. Осыған орай Тараз қаласы «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінде «Бүгінгі студент – ертеңгі жұмысшы» тақырыбында еркін форматта студенттермен кездесу өтті.

Кездесуде Тараз қаласының Мансап орталығының жұмыс берушілерді қолдау секторының маманы Бекғали Құрбанбаев пен «Бағыт-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі автомектебі директорының оқу бөлімі бойынша орынбасары Қанатбек Усеров қатысып, жұмысшы мамандықтарының мәртебесі мен жұмысқа орналасудағы мемлекеттік қолдаулар туралы кеңінен мәлімет берді. Тараз қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Сейтмахан Қошмағамбетов студент жастарға өзінің еңбек жолы мен өмірінен сыр шертті. ؘ

Мұндай кездесулер жастарға мамандықты дұрыс таңдап, өз жолын адаспай табуда үлкен көмек болмақ.

 

Гүлнара БАЙБОСЫНОВА

Еңбек мобильдігі орталығының маманы.

Тараз қаласы